Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Діни ұғымдар лаңкестікпен байланыстырылмайды

Ақтау. 6 сәуір. Ақтау қаласындағы «Маңғыстау гуманитарлық техникалық университетінде»  ақпараттық шара ұйымдастырылып, студенттер мен ұстаздары қатыстырылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы дін істеруі басқармасының баспасөз қызметі.  Аудитрояға дін саласына байланысты бағдарлама мен діни қызмет және діни бірлестіктерге қатысты заңнама жобасы туралы баяндалды. Зайырлы қоғам мен діни толеранттылық сынды түсініктер мен діни бостандық ұғымы жайлы айтылды. 

Ақпарат алушылар тарапынан болған діни ағымдарға қатысты сауалдарға жауап берген мамандар экстремистік ұйымдардың идеологиясының қауіптілі мен таралу жолдары туралы баян етті.

Топ мамандары ақпарат алу мен оны пайдалану, бұрыс ақпараттарды өзгелерге үгіттеудің қаншалықты зияны мен қылмыстық жауапкершілікке алып кеп соғатынын түсіндірді.  Сондай-ақ, ислам дініндегі қастерлі саналатын ұғымдарды радикалды ағымдардың мағынасын бұрмалап, қате үкім беруінен  қарапайым халық дін десе үрейлетенетін жағдайға жеткені мен дінге таңылып, бұрмаланып, «жиһадшы», «ислам экстремисті», «ислам террористі», «ислам содырлары» деген сөздер халықтың сөздік қорына терең бойлап кеткені жайлы айтылды.

Діни терминдерді лаңкестікпен байланыстыра айтудың қателігін түсіндірген мамандар мұндай жағдайда әр адам өзі үшін діни сауаттылыққа ұмтылып, белең алған ағымдарға байланысты қоғам болып күресуге ат салысу керек деп қорытты.

Шара соңынан ақпараттық парақшалар таратылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *