Алматы. 9 сәуір. Алматыда сәуір-қазан айналарының аралығында дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша мерзімді басылымдар, теле-радио арналары мен интернект ресурстағы үздік материалодар мен әлеуметік желілердегі ең белсенді топ пен блогерлер арасында байқау өтеді.
Оны қалалық дін істері басқармасының әлуеметтік маңызды жобалары негізінде Ұлттық журналистік зерттеу орталығы ұйымдастырып отыр. «НұрОтан» партиясының қолдау көрсеткекн байқаудың жүлде қоры 1 млн теңгені құрайды. Онда жеңімпаздар: ең үздік әлеуметтік ролик; ең үздік телевизиялық бағдарлама; ең үздік радиобағдарлама; интернет ресурстағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала; интернет ресурстағы орыс тіліндегі ең үздік мақала; мерзімді басылымдардағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала; мерзімді басылымдардағы орыс тіліндегі ең үздік мақала; әлеуметтік желілердегі ең белсенді қолжетімді топ; ең белсенді блогер аталымдаыр бойынша марапатталады. Сондай-ақ 5 ынталандыру сыйлығы беріледі.
«Радикалды идеологияның таралуы болашақта ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіретін құбылыс. Дұрыс ақпарат беру азаматтық борыш болу керек. Бұл әкімдіктің және ананың, мынаның қызметі деп қарап отырмайтын сала. Дінді уағыздауды молда, имамдарға қалдырайық. Біз зайырлы ел ретінде радикалды идологияға алданған жастардың тағдырын көрсетсек, одан өзгелер дұрыс сабақ ала ма деген ойымыз бар», – дейді Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының бастығы Айдар Есенбеков.
Оның айтуынша, қазір қаладағы діни және экстремистік ахуалды зерттеп, мониторинг жасайтын арнайы орталық жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ жат ағымның жетегінде кеткендерді дәстүрлі дінге қайтаруды көздейтін Оңалту орталығы ашылған.
Ерлік Ержанұлы
Ақпарат көзі: Заң медиа