Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жалған терроризм – қоғам дерті

Талдықорған. 9 сәуір. Жалған терроризм қоғамдық жаңғыру, жағдайды тұрақсыздандыру сияқты жағымсыз салдарымен қауіпті. Себебі мұндай хабарламаларды тексеру адамдарды жаппай көшіру, оқу және өндіріс процестерін тоқтата тұру қажеттігін туғызады.

Жарылғыш заттың орнатылғаны туралы әрбір факті бойынша құқық қорғау органдары және арнайы қызметтер тексеріс жұмыстарын жүргізуге міндетті. Бұл ретте мемлекеттің елеулі материалдық қаражаты жұмсалады.

Жастар мен кәмелетке толмағандарда жалған терроризмге себептер негізінен «бұзақылық» жасау ниеті, өзін қоғамға қарама-қарсы қою, құрдастары арасындағы озаттық туралы алдамшы ойын көрсету болып табылады. Алайда, олар мұның жазасы бар екенін ойланбайды.

273-бап. Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау Дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау – алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

274-бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату

1. Қоғамдық тәртіпті бұзу, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату – бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына және бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

3) бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет – бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады. Сонымен қатар, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірген, өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер – жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, сондай-ақ, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:

1) қылмыстық топ жасаған;

2) төтенше жағдай кезінде немесе ұрыс жағдайында, соғыс уақытында, жария іс-шаралар өткізу кезінде жасалған іс-әрекеттер – бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Көбінесе «телефон террористары» балалар мен жасөспірімдер болады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін кінәліні анықтау және оны ұстау – басты міндет. Терроризм актісі туралы кез келген хабарлама бойынша көрсетілген жерге тез арада кинолог, жарылыс техникасының мамандары, тергеу-шұғыл топтары келеді. Міндетті түрде «жарылыс заты орнатылған» ғимараттағы адамдар толық көшіріледі. Тәртіп сақшылары ұқсас хабарламаның  кез келгенін тексеру кезінде жарылғыш затын табуға тырысып, ауқымды жұмыс атқарады.

Ескерту!!! «Террорист болып ойнамас» бұрын, алдымен нақты шығындар мен зиянға әкеп соғуы мүмкін көрінеу жалған хабарлама кімге «пайдалы» болатындығы жайлы ойлану қажет. Егер сіз осылай «әзілдеуге» тырыссаңыз, телефонды алмас бұрын ойланыңыз.

Әрқашан көрінеу жалған ақпаратты тексеруге шығып, тәртіп сақшылары қажет уақытында нақты бәлеге ұшыраған адамдардың қасында болмауы мүмкін. Жас балалары бар ата-аналарға балаларын телефонды ойын үшін пайдалануына тыйым салып, қатаң бақылау қажет.

«Алматы облысының дін істері басқармасы» ММ «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ

Ақпарат көзі: Taldykorgan online

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *