Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған 24 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды

Алматы. 10 сәуір. Алматыда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған 24 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы Алматыда Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қалалық Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Есенбеков Айдар Рахымжанұлы мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуына қарағанда, қалада дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша азаматтық қоғам институттарының әлеуеті тиімді түрде пайдаланылуда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың қатары жыл сайын өсіп келеді.

«2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, этносаралық келісім және толеранттылық идеяларын насихаттауға бағытталған 24 әлеуметтік-маңызды жоба жүзеге асырылды. Жобаның мақсаты жас қыздардың арасында толеранттылық сананы, зайырлы қоғамдағы рухани құндылықтарды түсіндіру. Сонымен қатар  жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мен өз халқының тарихын құрметтеу, халқының бай мәдени дәстүрі жөнінде хабардар ету көзделген», — деді Айдар Есенбеков.

Оның айтуынша, қалада 17 конфессиядан 179 бірлестік, 112 діни ғимарат тіркелген. Конфессияаралық келісімді дамыту мақсатында қалада Діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы құрылды.

«Клуб аясында діннің өзекті мәселелері, діни экстремизм мен деструктивті ағымдар идеологияларымен күресу бойынша жалпы саны 1800 адам қамтылған.  Ал оқушылар арасында 40-қа жуық алдын алу және түсіндіру іс-шарасы өткізілді. «Қоғамда зайырлылық қағидаларын насихаттау бойынша іс-шараларды іске асыру» жобасы аясында мемлекеттік қызметкерлердің, ҮЕҰ өкілдерінің, құқық қорғау органдары, білім беру және мәдениет мекемелері қызметкерлерінің, жастар қоғамдық ұйымдарының және студенттер қозғалысының өкілдері жалпы саны 760-ке жуық адам қатысқан 8 «дөңгелек үстел» және 1 жастар акциясы өтті», — деді Айдар Есенбеков.

Сонымен бірге тұрғындарда діни экстремизм мен терроризм идеяларына төзбеушілікті қалыптастыруға, сондай-ақ, деструктивті құбылыстар таралуының алдын алуға бағытталған қысқа метражды әлеуметтік роликтер циклы көрсетілді.

«Рухани келісім күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында 2017 жылғы 18 қазанда ерекшеленген дін қызметкерлерін, дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының белсенді мүшелерін марапаттау өткізілді. Сондай-ақ, кітап көрмесі және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шараға 70 адам қатысты. Жалпы, жобаларды жүзеге асыру барысында жалпы саны 32 мың адам қамтылған 3 дәріс, 59 кездесу, 14 семинар, 275 семинар-тренинг, 3 конференция, 30 «дөңгелек үстел», 15 акция өткізілді, — деді басқарма басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *