Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дін мәселесі қашанда өзекті

Павлодар. 13 апреля. Дін мәселесі қашанда өзекті. Қазіргі таңда Қазақстан тұрақтылық пен келісімді, төзімділікті сақтау мен насихаттау жұмыстары бойынша көптеген мемлекетке үлгі. Дегенмен, ұлттық және діни мәселелер жөнінде туындап отырған жанжалдар, террорлық әрекеттер ұлттық қауіпсіздік мәселесін айрықша назарда ұстауды талап етеді. Осыған орай, ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы Павлодар бизнес колледжінде студенттер, ұстаздар және жастармен кездесу өткізіп, уағыз айтты. Кездесуде Жолдас Қоспақұлы жастарға имани тәрбие туралы айта келе, бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе болған Исламдағы  жат ағым жолына түсіп кетпеуді, одан барынша сақтану жолдарын түсіндірді.

«Терроризм, экстремизм дегендерді уаххабистер, салафилер, жиһадистер, такфирлердің ісі деп білеміз. Олар өздерін мұсылман санағанымен, істеген істерінің бәрі исламға қайшы келеді. Еліміздің тәуелсіздігіне сырттан этно-діни экстремизм мен радикализмнің әртүрлі нысандарының кіруі әлеуетті қауіп туғызады. Жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысында жіберілген қателіктер көпэтностық Қазақстан халқының этносаралық және мәдениетаралық төзімділік дәстүріндегі сабақтастықтың бұзылуына қауіп туғызуы мүмкін. Миллиондардың, тіпті, миллиардтардың қанымен келген тәуелсіздікті егемен елдің саналы, салиқалы ұрпағы ғана сақтап қала алады. Біз сол үшін күресуіміз керек»,-деді өкіл имам Жолдас Қоспақұлы жергілікті БАҚ өкілдері тілшілеріне берген сұхбатында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *