Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Павлодарда тұрғын үйді «жармақ» болған әйел адам ұсталды

Павлодар. 16 сәуір. Павлодарда Айманов көшесіндегі үйде жарылғыш зат орналастырғаны туралы жалған хабарлама таратқан әйел адам ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

—  «102» оператор пультіне  келіп түскен телефон хабарламасы бойынша іс-шара жүргізілді. Нәтижесінде орташа ауыр дәрежедегі алкоголдік мас болған әйел адам ұсталды. Азаматша уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына  орналастырылды, — деді департаментте.

Аталған  фактіге қатысты ҚР ҚК 273-бабы «терроризм акті туралы  жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бұл бапқа сәйкес алты жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *