Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Терроризм үшін сотталғандардың Қазақстанда қалуы қоғамға қауіпті — Əбдіров

Астана. 16 сәуір. Террористік қылмысы үшін сотталғандардың Қазақстанда қалуы қоғамға қауіп төндіре береді. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлемде террористік қатердің өсуіне байланысты қалыптасып отырған күрделі жағдайды ескере отырып, өткен жылы «азаматтықтан айыру» институты енгізілді. Бұл сұрақ Конституцияда нақтыланған. Дегенмен, террористік қылмысы үшін сотталып, Қазақстанның азаматтығынан айырылған адамдардың мәселесі соңына дейін шешілмей отыр. Олар жазасын өтегеннен кейін Қазақстанда қала алады. Сол себепті қоғамға одан әрі қауіп төндіре береді», — деді Нұрлан Әбдіров.

Депутаттың пайымынша, бүгінгі күні мемлекет көші-қон саласында шетелдік қонақтарға жылы шырай танытып, оларға ізет пен құрмет көрсету жөнінде шаралар қабылдап жатыр. Ал ішкі көші-қон, адамдардың игілігі және елді дамытуға бағытталған.

«Бұл жерде дұрыс құрылған және тиімді жұмыс істейтін көші-қон бақылауы оң әсерін тігізуге тиісті. Ішкі істер министрлігі осы жағдайды жете түсінеді  және бұл саясатты мүлтіксіз орындайды деп үміттенеміз», — деді ол.

Айта кетейік, Нұрлан Әбдіров 2017 жылы Қазақстанда қосарланған азаматтығы бар шамамен 600 адам жазаға тартылғанын айтқан болатын. Мұнан бөлек, депутат Қазақстанда көші-қон бақылауының біртұтас ақпараттық базасын жасау қажеттігіне назар аудартты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *