Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Діни экстремизм әрекеттері жасалған жағдайда өзін қалай ұстауы керек» атты тақырыпта өткізілген дөңгелек үстел

Тараз. 18 сәуір. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Діни экстремизм әрекеттері жасалған жағдайда өзін қалай ұстауы керек» атты тақырыпта дөнгелек үстел өткізілді, деп хабарлады облыс мемлекеттік архивтің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директоры Қ.Башенова дөңгелек үстел басындағы әңгімеге қатысушыларды таныстыра келіп, бұл тақырыптың бүгінгі күні өзекті екенін, діни сауаттылықты көтеру және бөтен пиғылдағы адамдардың іс-әрекетінің алдын кесу аса маңызды екенін айтты. Бүгінгі іс-шарада түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін келген облыс әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Қалмырзаев Асылхан діни экстремизмнің және терроризмнің орын алу себептері, оған тосқауыл қою мәселелері жөнінде нақты деректер мен дәйектер келтіре отырып әңгімеледі және слайд көрсетілді, сұрақтар қойылып, сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *