Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жастарды жат ағымнан сақ болуға шақырды

Өскемен. 18 сәуір. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де аталған университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі басқармасы Өскемен қаласы ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасында 2018-2022 жылдарға арналған діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы аясында жоғары оқу орындары мен кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының студенттерімен кездесу өткізді.

Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының талдау және діни жағдайларды мониторингтеу бөлімінің меңгерушісі Алуа Сабалақова жиналғандарға біздің аймақтағы діни жағдай туралы кеңінен әңгімелей келіп, студенттерді жат ағымдардан сақ болуға шақырды.

— Біздің жоғары оқу орнында діни сауаттылықты көтеру және студенттер қауымын ұлтаралық бірлік, конфессияаралық толеранттылық рухында тәрбиелеуге үлкен мән беріледі, — дейді ШҚМТУ тәрбие жұмысы бойынша басқармасының студенттер шығармашылығы бөлімінің басшысы Дарын Қалибекұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *