Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Экстремизмнің алдын алу

Ақтөбе. 20 сәуір. Тұрғындармен кездесу, жат ағымдар жетегінде жүргендерді райынан қайтарып, дәстүрлі дінге бет бұрғызу және терроризм мен экстремизмнің алдын алу. «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында аудандарға шыққан теологтар мен имамдар алдында осындай міндет тұр, деп хабарлайды Aqtobe телеарнасы.

Олар Алға ауданында жобаның бірінші бағыты бойынша рухани, діни мәселелерге қатысты ауқымды жұмыс жүргізді.

Адасқандарды исламның шынайы жолына түсіру және жастарды жат ағымдардан сақтандыру үшін діни сауаттандыру  — теологтарға артылып отырған міндет жүгі. «Пиғылы теріс жат ағымдар діннің атын жамылып, интернетте ел арасында іріткі салатын ақпараттар таратады. Жастар көшеден естігенге, әлеуметтік желілерде жазылғанға сенбес үшін жеке әңгімелесеміз», — дейді теолог-мамандар.

Алға ауданында жұмыс тобының мүшелері мектеп оқушыларымен және олардың ата-аналарымен кездесті. Дін, наным-сенім туралы әңгімелесті. Жалпы алғанда 2 күнде 5 елдімекен қамтылды.

Айта кету керек, Алға ауданында жүзден астам адам деструктивті діни ағымдардың жетегінде жүр. Ендігі мақсат — оларды райынан қайтару, қоғамға қосу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *