Семинарды ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Байдильдина ашып, жүргізіп отырды. Ал, аталған шараның басты мақсаты – дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы ақпараттық насихаттау тобының жұмысын пысықтау, кеңінен түсіндіру болды.
Еліміздегі діни саланы реттеу мәселесі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның үйлесімді жұмыс істеуі діни ахуалдың тұрақтылығын сақтауда. Ол, ең алдымен, профилактикалық жұмыстарын жүргізу, халықтың діни-құқықтық сауаттылығын арттыру, түрлі радикалды топтардың ықпалына төтеп беретін иммунитетті қалыптастыру іс-шараларынан тұрады.
Жиында Ішкі саясат бөлімінің мамандары «Қазақстандағы діни экстремизмнің өзекті мәселелері», «Дін саласындағы заң және жауапкершілік шектері», «Целиноград ауданы бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы» сынды тақырыптарды көтеріп, баяндама жасады. Сонымен қатар, Ақмола облыстық Дін істері басқармасы жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығының» маманы Малика Аппасова «Экстремистік ұйымдар идеологиясы және олардың теологиялық ерекшеліктері» туралы айтып өтті.
Іс-шарада ақпараттық насихаттау тобының нақты жұмыстары пысықталып, тұрғындармен тығыз жұмыс істеу керектігі талқыланды.