Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дін – тәрбие діңгегі

Қарағанды. 26 сәуір. Қарағанды мемлекеттік университетінде белгілі журналист әрі блогер Қанат Әуесбайдың қатысуымен семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды Saryarqa.

Шара барысында дәстүрлі ислам дінінің құндылығы жайлы айтты. Бұдан бөлек болашақ тілшілермен пікірталас өткізіп, сұрақтарына жауап берді. Облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиыннан тілшіміз Айдана Дастан өрбітсін.

«Біріккен ұлттар ұйымының дерегіне сәйкес, әлемде жастарға  тән 3 проблема бар. Біріншіден жат ағымдарға бет бұрушылық. Екіншіден  жұмыссыздық, үшіншісі кәсіби мамандық таңдау мәселесі. Соның арасында ең маңыздысы діни сенімділік»,- дейді журналист  Қанат Әуесбай. Блогердің айтуынша дін туралы мектеп қабырғасымен шектеліп қана қоймай, жоғары оқу орындарында да түсіндірмелі жұмыстар жүргізіп отыру қажет. Яғни, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу секілді түйіткілді мәселелерді көп қозғау қажет. Себебі, отбасында бала бұл туралы толыққанды мәлемет ала алмай жатады.

Қанат ӘУЕСБАЙ,  халықаралық журналист, блогер

Терроризм мен экстремизмнен адамзат аулақ болуы қажет! Жұртшылық осыны ұғынуы керек және ұлттық қауіпсіздікті сақтауда қоғам, мемлекет болып ат салысуымыз қажет.

Блогердің айтуынша діни экстремизм мен терроризмге қатысты ахуалдар өндірісті өлкелерде көп кездесетін көрінеді. Сондай-ақ, 16 мен 25 жастағы жастар жат ағымдарға көп алданып қалады. Себебі,  олардың діни сауаттылғы төмен.  Жас буын өкілдері көбінесе ғаламтор желісіндегі ақпаратқа жүгінеді. Ондаған мәлеметтердің дұрыстығына 100 пайыз сенеді. Сондықтан, болашақта дін саласына қалам тербейтін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне осындай  семинар-тренинг өткізудің  қажеттілгі зор.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *