Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Әлемдік діни ұйымдардың көшбасшылары Астанаға келеді

Астана. 28 сәуір. Әлемдік діни ұйымдардың көшбасшылары Астанаға келеді, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Олардың қатарында Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер альянсының Жоғарғы өкілі Насир Абдулазиз әл-Насер және «Діндер бейбітшілік үшін» Дүниежүзілік ұйымының Бас хатшысы Уильям Вендли бар. Бұл туралы олар әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне арналған БҰҰ форумында мәлімдеді. Қазақстанда алтыншы рет өткізілетін конфессияаралық жиын кең танымалдылыққа ие болып келеді. Алғашқы съезд 2003 жылдың қыркүйегінде Астана қаласында өткен еді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл бастамасы дінаралық диалогты жаһандық деңгейде көтеруге жол ашты. Сенім мен өзара түсіністік негізінде құрылған форум зорлық-зомбылықты, діни экстремизм мен терроризмді жеңуге көмектеседі. Бұл туралы еліміздің БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігі және Өркениеттер Альянсы ұйымдастырған форумның қатысушылары айтты. Ал Қазақстан делегациясын Дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары Берік Арын бастап барды.

Уильям Вендли, «Діндер бейбітшілік үшін» дүниежүзілік ұйымының бас хатшысы:

– Мен барлық өмірімді осы әлемдік діндер арасындағы ынтымақтастыққа арнадым. Ал бұл салада Қазақстанның еңбегі ерекше. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының өткен съезіне қатыстым. Талай тақырыптар талқыға түсті. Болашаққа бейбіт қадам жасауға бағытталған форумның берері мол. Алтыншы рет ұйымдастырылатын шараға да қатысудан үміттімін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *