Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақпараттық топ 60-тан астам іс-шара өткізді

Ақтау. 2 мамыр. «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясындағы Байғанин ауданындағы түсіндіру жұмыстары аяқталды. Топ құрамында облыстық дін істері, білім, мəдениет, спорт басқармаларының, «Аңсар» орталығының қызметкерлері, РАНТ мүшелері мен ҚМДБ-ға қарасты мешіт имамдарынан тұратын 12 адам жұмыс жасады. Соның ішінде, ҚМДБ-ның Насихат жəне қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Алтынбек Ұтысханұлы мен теологтар Асылхан Темірханов, Ғабит Маткаримов және Мадияр Пірімқұловтар болды.

Жоба барысында Қарауылкелді ауылдық Мəдениет үйінде тұрғындармен кездесу өткізіліп, дін саласындағы өзекті мəселелерге түсінік берілді. Сондай-ақ, жат ағымның зардабы мен шынайы бет-пердесін бейнелеген «Қара жол» фильмі мен «Ойраны шыққан отбасы» қойылымы сахналанды.

Салауаттылықты насихаттау мақсатында аудан жастары мен жергілікті мешіт жамағаты арасында шағын футболдан спорттық сайыс өткізді. Ал облыстық білім басқармасының мамандары Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді ауылының №1 жəне №2 мектептерінің ұстаздары мен оқушыларына жастар арасындағы экстремизм мен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында семинар-практикум өткізді.

Сонымен қатар, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Ж. Сүлейменов пен ІІД өкілі Д. Ахметов Байғанин аудандық техникалық колледжінің ұстаздарымен кездесіп, 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясат тұжырымдамасының аясында семинар-тренинг жүргізді.

ҚМДБ-ның Насихат жəне қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Алтынбек Ұтысханұлы Байғанин кəсіптік техникалық колледжі мен аудандық ауруханада студенттер, дəрігерлер жəне əлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өткізді.

РАНТ мүшесі аудандық орталық мешітке мониторинг жұмыстарын жүргізіп, «Ислам және отбасы» тақырыбында арнайы семинар өткізді. Теолог дәл осы тақырыпта «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде де дәріс өткізді.

РАНТ мүшесі Алтынбек Ұтысханұлы бейсенбі күнгі ауызашар дастарханында «Шарапаты мол Шағбан айы» тақырыбында үгіт-насихат айтып, осы айда ораза тұтып, қасиетті Рамазан айына көп әзірлік қылудың абзалдылығын түсіндірді. Жұма күні «Мұсылманның кітап иелерімен қарым-қатынасы» тақырыбында жұма уағызын жүргізіп, мұсылман емеспен де бейбіт мәміле жасау керектігін, нағыз мұсылман ешкімге залалын тигізбейтіндігін айтты. Теологтың қала және аудан көлемінде жүргізген түсіндіру жұмыстарына жалпы саны 400-ден аса тыңдаушы қатысты.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Асылхан Темірханов Байғанин аудандық мешітінде ақшам мен құптан намаздары арасында «Ынтымақ түбі – береке» тақырыбында және сауда-саттықтың шариғаттағы тәртібі, білім алудың маңыздылығы туралы 2 рет уағыз-насихат жүргізіп, жамағат пайдалы мол мағлұмат алды.

Байғанин ауданында 5 күннің ішінде 60-тан астам іс-шара өтіп, 2500-ге жуық тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі: ihsan.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *