Алматы. 3 мамыр. Алматы қаласында діни экстремизм құрбандары мен деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен азаматтарды оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі. Орталық жұмысы — репрессиялық шараларға емес, рухани адамгершілік құндылықтарды насихаттау мен дәстүрлі ислам дінінің дұрыстығын түсіндіруге бағытталған.
Орталық қызметінің мақсаты халық арасында толеранттылықты және діни экстремизм көріністеріне төзімсіздік сананы қалыптастыру, діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ықпалынан зардап шеккендерге теологиялық, психологиялық, құқықтық және практикалық көмек көрсету болып табылады.
Орталықтың директоры Руслан Қайыргелді мекеменің ағымдағы қызметі туралы баяндады. Оның айтуынша, орталыққа мемлекеттік орган қызметкерлері анықтаған радикалды көзқарастарды тасымалдайтын азаматтар жіберіледі. Негізінен олардың көбі діни білімі жоқ, адамдарды экстремистік топтардың қызметіне тартатын, материалдық көмек көрсетіп, оларды тәуелді ететін жас мөлшерлері 15-28-дегі азаматтар.
Орталықта оларға радикалды топтардың зияны Құран аяттары және хадистермен, ислам тарихымен салыстыра отырып, шынайы жүзді көрсететін және жалған исламдық сипатты насихаттайтын нақты фактілер және дәлелдемелер көрсетіліп, олармен жеке-жеке әңгімелесу жүргізіледі. Қазіргі уақытта орталықта 186 адам бейімделу процесінен өтуде.