Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мәжіліс дін саласындағы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

2018 жылғы 16 мамырда ҚР Парламентінің Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша пленарлық отырыс (бірінші оқылым) өтті. Бұл туралы Дін істері және азаматық қоғам минитрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заң жобасына енгізілетін өзгерістерді депуттарға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев таныстырды.

Заң жобасының мақсаты мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру, діни субъектілердің құқықтары мен міндеттерін айқындау, сондай-ақ,  діни саланы реттеу болып табылады.

«Жалпы, бұл жобадағы нормалар еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығын нығайту үшін, діни бірлестіктердің, азаматтардың жауапкершілігін арттырып, дінді деструктивті мақсаттарда пайдалануға жол бермеу үшін енгізіліп отыр», — деп атап өтті Д. Кәлетаев.

Заң жобасы аясында 12 нормативтік актілерге 53 түзетулер мен толықтырулар енгізу қарастырылған. Шартты түрде бұл түзетуді үш бөлімге бөлуге болады.

Бірінші бөлімде дінді деструктивті мақсаттарда пайдалануды болдырмауға бағытталған түзетулер қамтылған. Атап айтқанда, «деструктивті діни ағымдар» және «діни радикализм» сияқты жаңа ұғымдар енгізіледі.

Заң жобасында адамның бет келбетін тұмшалайтын киім түрлерін киюге тыйым салу қарастырылған. Деструктивтік діни ағымдардың идеологиясын таратуға тыйым салу көзделген.

Екінші бөлімде діни бірлестіктер субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін айқындау туралы ережелер бар. Біріншіден, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қатысты негізгі ережелер ұсынылады.

Екіншіден, діни бірлестіктердің қызметіне бақылау жүргізу мақсатында заңнамаға сәйкес Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне және жергілікті атқарушы органдарға тиісті құзыреттер мен тексеріс жүргізу тәртібін белгілеу  функцияларын беру ұсынылады. Үшіншіден, жергілікті атқарушы органдарға  діни ахуалға мониторинг жүргізу функциялары беріледі.

Төртіншіден, қылмыстық-атқару жүйесі Комитетіне бас бостандығынан айырылғандар үшін діни-сауықтыру қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы құзыреттілік ұсынылады. Заң жобасы сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің діни қызметке қатысты қылмыстардың, бұдан бөлек экстремизм мен терроризмнің алдын-алуға бағытталған функцияларын кеңейтуді көздейді.

Үшінші бөлімде діни бірлестіктердің қызметін халыққа жеңіл әрі түсінікті етуге арналған түзетулер енгізілген. Атап айтқанда, өңірлердегі  діни бірлестіктерді тіркеуге қойылатын талаптарды жеңілдету қарастырылған. Әкімшілік кодексте (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы) діни қызмет саласындағы жауапкершілікті көздеу мақсатында алғаш рет «ескерту» нормасы енгізіледі.

Заңнамадағы дінге сенушілер мен дінді ұстанбайтындардың теңдігін қамтамасыз ету бойынша норма Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келеді. Кәмелетке толмағандарды діни қызметке заңсыз тартудың алдын-алу,  сондай-ақ діни бірлестіктердің қаржылық қызметінің ашықтығы қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, заң жобасында шетелде діни білім алуды,  діни ғимараттардан тыс некеге отыру немесе некені бұзуды, діни рәсімдер мен жоралғыларға жол бермеу туралы талаптарды реттейтін нормалар ұсынылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *