Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Шымкентте терроризм айыбымен оқушы сотталды

Шымкент. 16 мамыр. Мамырдың 15-і күні Оңтүстік Қазақстан облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылының №10 мектеп оқушысы Шахзат Исмаиловты «терроризмді насихаттау» және «діни алауыздық қоздыру» баптары бойынша кінәлі деп тауып, төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Бұл туралы Азаттыққа мамырдың 15-і күні ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қайрат Қоңырбаев хабарлады.

Оның мәліметінше, айыпталушы сот залынан қамауға алынған. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Адвокаты Нұрлан Қангелдиевтің айтуынша, айыпталушының туыстары сот үкіміне келіспей, апелляциялық сот алқасына шағым түсірейін деп отыр.

017 жылы 16 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы департаменті мен ішкі істер органдары бірлесіп, Сайрам ауданының он бір тұрғынын ұстаған.

Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-бөлігі («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») және 174-баптың 1-бөлігі («Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру») бойынша айыптар тағылған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *