Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дін және дәстүр ұштасып

Ақтау. 22 мамыр. Қазақ – сонау көнеден бастау алатын тарихы бай халық. Оның сол көнеден бүгінге дейін жеткен сан-салалы мәдениеті, әдебиеті, тілі, тарихы, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі қалыптасқан. Қазақ жеріне Исламның келгеніне 12 ғасырдан асқандығын, халқымыздың мың жылдың үстінде ислам дінімен өмір сүргендігін ескерсек, халықтың бойына сіңген, өмірінен орын алған әдет-ғұрып пен дәстүрімізге ерекше мән берілу қажеттілігі айқындалады. Себебі дәстүр халықтың күнделікті тыныс-тіршілігі мен танымының іс-жүзінде қалыптасқан көрінісі деген бағытпен Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығында «Дін және дәстүр» атты тақырыпта танымдық кеш өткізілді. Мақсаты – жасөспірімдер арасында діни экстремизм және терроризм идеологиясының таратылуына жол бермеу, рухани құндылықтарды сақтау, насихаттау.

Осыған орай бұл кездесу кешіне Маңғыстау облысының «Бе­кет ата» мешітінің наиб имамы Ақарыс Тілегенов, облыс­тық дін істері басқармасының маманы Жұлдыз Аталықова шақырылды. Сонымен қоса осы іс­шараға Маңғыстау энергетикалық колледжі студенттері қатысты.

– Мұсылман болу үшін тек мұсылманша сауатты болу жеткілік­сіз. Ұлттық (қазақтық) ар болуы керек. Ислам – ізгілік, адамгерші­лік діні. Ұлы тәлімгер Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Шын мұсылман – тілі мен қолынан ешкімге зияны тимейтін адам» деп­ті. Есті де ақылды адамдардың барлығы да бір үлкен сенімнің керек екенін сезеді. Тазалықтың қажетін біледі. Ендеше, сол іздеген сенім мен жақсылықтың бәрінің бастауында Ислам тұр. Кез келген адамзат баласының негізгі рухани ұстанымы болады десек, ол – ұлты, тілі, діні және Отаны, – деп наиб имам Ақарыс мырза жастарға бағыт-­бағдар берді.

Ал енді ұлттық салт–дәстүрлер туралы айтар болсақ, көне заман­нан бастау алып, Ислам арқылы шариғат пен сүннетке негізделіп күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан біздің өмір сүру дағдымыз болып табылады. Халқымыздың салт-­дәстүрінің кез келген түрінің түбінде ислами тамыр жатқанын байқаймыз. Дүниеге келген баланың азан шақырылып ат қойылғанынан бастап, дүниеден өткен адамның жана­засын оқып, жер қойнына бергенге дейін, яғни тал бесік пен жер бесік­ке дейінгі аралықта көптеген дәстүрлеріміздің Исламнан нәр алғанын байқайсыз. Сондықтан да Ислам мен дәстүріміздің арасындағы қарым­-қатынас өте тығыз, айырып, ажырату оңай емес. Ал ұлттың құндылығы – мәңгі өзімен бірге жасасып келе жатқан тілінде, салт­-дәстүрінде, ұлттық өнерінде. Дәстүрдің бір сипаты – тұрақтылығында. Оны қаласа өзгертіп, қаламаса өшіріп тастайтын бір адамның меншігі емес. Дәстүрдің тағы бір артықшылығы – оның өміршеңдігінде, қанға сіңіп, күнделікті өмірге қалыптасқандығында.

Қорыта келе, дін мен дәстүрді тату тірлікке ұластырып, ата­-баба жолынан үлгі-­өнеге алатын салиқалы ұрпақ болып қала берейік. Қасиетті Рамазан айы – халқымызға берекелі ай болсын!

Нұрай БАБИТАЕВА,
Маңғыстау мемлекеттік тарихи­-мәдени қорығының маманы

Ақпарат көзі: 7292info

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *