Атырау. 23 мамыр. Атыраулық азамат жалған терроризм жасады деп күдіктелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атырау қаласының № 2 сотының тергеу судьясы Атырауқаласының ІІД тергеу бөлімінің тергеушісінің Ж.А.-ға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау санкция беру туралы өтінішін қарады. Ер адам қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Републикасының ҚК-нің 273-бабымен, яғни дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін күдіктінеді. Тергеу судьясы Ж.А.-ға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына 2 айға санкция берді», -делінген соттың хабарламасында.
Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 18 мамыр күні, сағат 10.17 сағат Ж.А. Атырау қаласының ІІД жедел басқару орталығының «102» нөміріне қоңырау шалып, Атырау қаласы, Лазо көшесінде орналасқан «Gallant» дүкенінің алдында жарылғыш зат орнатылғандығы туралы жалған ақпарат берді деп күдіктенуде.
Бұрын 2016 жылы ол дәл осындай қылмыс жасағаны үшін 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.