Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ комитетінің отырысы өтті

Астана. 24 мамыр. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары, сондай-ақ Ұйымның Бас хатшысы Юрий Хачатуров қатысты.

Басқосуға қатысушылар халықаралық ахуалдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, осы ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігі үшін маңызды болып саналатын заманауи сын-тегеуріндер мен қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі мәселелерді қарастырды.

Нұрлан Ермекбаев отырыс барысында ҰҚШҰ-ға мүше елдерде бүгінгі халықаралық ахуалдың даму үрдісі туралы ортақ түсіністік бар екеніне назар аударып, қалыптасып отырған жағдай туындаған проблемаларға қатысты жан-жақты әрі жүйелі талдау жүргізуді және сын-тегеуріндердің алдын-алу мен қатерлерді жою үшін шешімдер қабылдауды талап ететінін айтты.

Тараптар ұлтаралық шиеленіс ошақтарын реттеудің ықтимал жолдары туралы пікір алмасты.

Жиын қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша құзыретті органдардың ынтымақтастығын нығайту жөніндегі құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, халықаралық терроризмге, заңсыз есірткі айналымына, заңсыз миграцияға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның арнайы мақсаттағы Жедел әрекет етуші ұжымдық күш құрылымдарының жұмысын жетілдіру жөніндегі шаралар көзделген.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев делегациялар басшыларын қабылдап, Қазақстанның ҰҚШҰ-ға қатысуын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маңызды тетіктердің бірі ретінде қарастыратынын атап өткен болатын.

Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етуіне байланысты биылғы екінші жартыжылдықта Астанада мемлекеттер басшылары деңгейінде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізу жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *