Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Діни экстремизм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп

Семей. 25 мамыр. Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз –әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім.  Қазіргі таңда исламға «изм», «террор» жағымсыз айдарлар тағылуда. Исламға бұлардың түкте қатысы жоқ. Мұның бәрі жала боп есептеледі. Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім — нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал — айлалармен арандатуды ойластырады.

Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол — шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы негізгі бағыттарды орындауды өзек ете отырып, студенттердің діни сауаттылығын дамыту, экстремизм мен дін арасындағы айырмашылықты көрсету  мақсатында, мамыр айының 5-21 аралығында Жалпы медицина және Кредиттік оқыту технологиясы факультеттерінің 2 курс студенттеріне Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Купанова С.А., оқытушылар Рыманов Д.М., мен Табулдинова Г.Н. және стоматология мен Кредиттік оқыту технологиясы факультеттерінің 1 курс студенттеріне аталған кафедраның аға оқытушысы Базарбеков Д.М. мен оқытушысы Аманбекова Н.Д. арнайы дәрістер оқыды. Студенттерге Шығыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы ұсынған ақпарат парақтары таратылды.

Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және ЖББП кафедрасының аға оқытушысы, “On the way to peace”  жобасының жетекшісі Купанова С.А.

Ақпарат көзі: SMU

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *