Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жат ағымның алдын алуға арналған жиын

Қызылжар. 1 маусым. Теріс ағымдардың қаупінен сақтанудың жолы — діни сауаттылықты арттыру.  Осы мақсатта  қызылжарлық жастар үшін профилактикалық конференция ұйымдастырылды. Жиынның тақырыбы — «Деструктивті діни жалған ағымдардың зардабы», «Ғаламтор және жауапкершілік». Ақмола облысының «Насихат» қоғамдық бірлестігі облыстық  дін істері басқармасы бірлесе ұйымдастырған шарада жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері талқыланды.

Қазіргі уақытта қоғамды алаңдатып отырған басты мәселелердің бірі – жат ағым. Дәстүрлі діннен, дәстүрімізден, терең тарихымыздан алшақтап кеткен жастарымыздың теріс ағымы — деструктивті деп аталады. Және олардың қатары күн санап артып келеді дейді мамандар.

ҚАНАТ АЛШЫМБАЕВ, «НАСИХАТ» ҚБ ТЕОЛОГ МАМАНЫ:

— Деструктивті ағымдардың жетегінде кетіп қалмау үшін, олар жайында ақпарат беру. Бұл кездесулерде деструктивті ағым өкілдерінің сипаттамасын көрсетеміз. Қалайша біз оларды, дәстүрлі дін жолын ұстанушыдан айыра аламыз.

Баланың діни көзқарасын қалыптастыруға отбасының рөлі зор. Ғаламторда кіммен араласады, қандай әлеуметтік желілерде отырады? Мұны ата-аналар қадағалау тиіс. Жиын барысында діни бағдар беретін желілер жайында ескертіп, қазіргі таңда қоғамда дәстүрлі емес діни ағымдар туралы кеңінен мағлұмат берді.

ДАНИЯР ТОҚСАНБАЕВ, «НАСИХАТ» ҚБ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

— СҚО дін істер басқармасы жанында тапсырыс бойынша бүгінгі таңда облыс аумағында профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырып жатырмыз. Біздің іс-шараларымыздың дені ҚР азаматтарының түрлі теріс ағымдардың зардабынан сақтау, оларды ақпараттандыру болып табылады.

— Қазіргі таяу шығыста болып жатқан оқиғалар, содан кейін 2016 жылы Ақтауда болған оқиға және оған дейін болған теріс ағымның тарапынан түрлі құқық бұзушылық әрекеттер. Сондықтан бұл салаға профилактикалық іс-шаралардың қажеттілігін айқындай түседі.

Өкінішке орай, жастарымыз сырттан келген жат діни ағымдардың жетегінде кетуде. Мұның басты себебі, діни білімнің аздығы. Мамандардың айтуынша,теріс діни ағымға тосқауыл кою мақсатында оқу орындарында дінтану сабағының сағатын арттырып , ақпараттық шаралар, түсіндірме кездесулерді жиі өткізу қажет дейді.

Жанбота СЕНТАЕВА, Вероника ЯКОВЛЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, дін мәселелері, жат ағымдар, жастармен кездесу

Ақпарат көзі: Qylyzjar 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *