Петропавл, 1 маусым. Петропавлда «бомба қойылған» «Сити молл» сауда ойын-сауық орталынан жарылғыш зат табылмады, деп хабарлады Sputnik Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күннің алғашқы жартысында полицияға «Сити молл» сауда ойын-сауық орталына жарылғыш зат қойылды деген жасырын қоңырау түсті. Оқиға орнына шұғыл әрекет ету қызметі келді, жақын маңдағы аумақ қоршауға алынды. Ғимараттан 300-ге тарта адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сауда орталығындағы қауіпті затты іздеу бірнеше сағатқа созылды.
Нәтижесінде жарылғыш құрылғы және өзге де күдікті зат табылмады. Аталған факті негізінде ҚР ҚК 273-бабы (терроризм актісі туралы жалған хабар беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп түсініктеме берді ІІД.