Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Зайырлылық және конфессияаралық сұхбаттың қазақстандық моделі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Алматы. 6 маусым. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қазақстан Республикасындағы Терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу бойынша орталық» ҚҚ ұйымдастыруымен «Зайырлылық және конфессияаралық сұхбаттың қазақстандық моделі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: конфессияаралық диалогтың қазақстандық моделінің ерекшеліктерін түсіндіру, Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Конференция жұмысына Діни істері жөніндегі басқарманың басшысы Есенбеков А.Р., «Қазақстан Республикасындағы Терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу бойынша орталық» ҚҚ президенті Бишманов К.М., Философия және саясаттану факультетінің деканы Масалимова А.Р., отандық ғалымдар, дін саласындағы діни-сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдардың және саяси партиялардың өкілдері, жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттары, Алматы қалалық діни бірлестіктер көшбасшылары клубының мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында зайырлы республикамыздағы діни ахуал, мемлекеттегі түрлі конфессия өкілдерінің арасындағы дінаралық, мәдениетаралық, этносаралық қарым-қатынастағы толеранттылықты одан ары дамыту және еліміздегі тұрақтылықты сақтау мәселелері талқыланды.

Еркенұр Ерзия

Ақпарат көзі: Alashainasy.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *