Астана. 7 маусым. Бұл туралы Тәжікстанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Назирмад Ализода «Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында аймақтық ынтымақтастық – Орталық Азия елдеріндегі тұрақтылықтың кепілі» атты халықаралық дөңгелек үстел барысында айтты, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.
Назирмад Ализода қазіргі таңда Орталық Азияға төніп тұрған қауіптерді атады.
«Біз көрші бола отырып, Қазақстанның барлық жетістігіне қуанамыз. Осындай жиын өткізіп отырғанынына да ризамыз. Қазіргі уақытта Орталық Азия елдеріндегі тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін жағдайлар көп кездеседі. Атап айтқанда, анаша сату, терроризм, жаһандық экологиялық проблемалар. Бұдан басқалар да бар. Осы мәселелерді шешу үшін ортақ, бірауыздан жұмылған іс-әрекеттер қажет. Осы орайда, Тәжікстан Республикасы аймақтағы достық пен тұрақтылыққа жол ашады, бірігіп ынтымақтастық жасауға дайын. Сондықтан да бүгінгі дөңгелек үстелдің маңызы зор», — деді елші.