Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Деструктивті діни ағымның алдын алған абзал

Арыс. 8 маусым. Қай заманда болмасын, дін өз өзектілігін жоғалтпаған тақырыптар қатарында болған. Діни ахуалы тұрақты мемлекетте бейбітшілік, достық, бірлік орнайтыны, ол ұзаққа созылатыны белгілі. Әйтпесе, бүгінде діни терроризм, діни экстремизм сынды салдары ауыр теріс іс-әрекетер көбейіп кеткені жасырын емес. Сондықтан да діни ахуалды тұрақты ұстап тұру үшін нақты жоспармен еңбек еткен абзал.

Иә, ел ішінде діни алауыздықты тудыратын деструктивті ағымдар — қоғам дерті.  Оларға ергендердің отбасылар ойран, тағдырлар талқан болуда. Қоғамды керағар діни ағымдардан сақтандыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында «Деструктивті діни ағымның алдын алу» мақсатында жиын өтті.  ҚТЖ ҰК АҚ Шымкент магистралдық желі бөлімшесі Арыс-1 вокзал қызметкерлерімен кездескен орталық мешіттің найб имамы Пердебек Исбасханов деструктивті діни ағымдардың зиянын жан-жақты түсіндірді. Көптеген тың деректер келтірді.

Жиынға қатысушылар дін маманына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Ақпарат көзі: RG Media

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *