Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған шараларын жетілдіру бойынша оқыту семинары өтуде

Қызылорда. 12 маусым. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының бастамасымен кент, ауылдық округ әкімдеріне арналған «Жергілікті атқарушы органдарының аймақта діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған шараларын жетілдіру жолдары» тақырыбындағы оқыту семинары Шиелі мен Жаңақорған аудандарында жалғасты.

Жаңақорған ауданында өткен семинарда Облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Камалов Бақытжан Жарылқасынұлы келіп, кент, ауыл басшыларына дәріс оқыды. Мемлекеттің дін саласындағы ұстанымдары мен қағидалары, деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелері және олармен күресу жолдары кеңінен түсіндірілді.

Ал, орталық директорының орынбасары Аралбек Боранбаев пен Оңалту бөлімінің басшысы, дінтанушы Жеңісбек Дәрібаев жат ағым өкілдерімен жүргізілетін оңалту жұмыстары туралы айтып өтті. Аталған оқыту семинары алдағы уақытта өзге аудандарда да жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі: Өскен өңір

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *