Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сириядағы соғысқа кетіп қалған қазақстандықтар туралы спектакльдер қойылуда

Өскемен. 12 маусым. Соңғы жылдары Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету мемлекеттік саясаттың алғышартына айналды. Мемлекет бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқаруда. Шығыс Қазақстандағы бас бостандығынан айыру орындарындағы діни экстремизмнің алдын алу мақсатында Сириядағы соғысқа кетіп қалған қазақстандықтар туралы спектакльдер қойылуда.

«Адасқандар» спектаклі алғаш рет Қарағандағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрында қойылып, кейін көптеген алаңдарда таныстырылды. Шығыс Қазақстанда Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылының Халықтық театрының труппасы діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету мақсатында ШҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ОВ 156/20 қауіпсіздігі төтенше мекемеге гастрольмен келді. Сюжет бойынша жас қазақстандық отбасы деструктивті діни ағым өкілдерінің арбауына түседі. Қойылымның басты кейіпкері тағдырдан жеген опығына ата-анасын кінәлап, әйелі мен баласын ертіп Сирияда «Ислам Халифатын» құру үшін көп қаржы табуды көздейді.

ЕЛАМАН КҮЖІМАНОВ, АКТЕР:

««Адасқандар» спектаклінде Мәліктің рөлін ойнаймын.Ол сюжет бойынша Сирияда жарияланған соғыспен отандастарымызды алдап-арбап алып кетіп отырған. Пьеса деструктивті діни ағымдар құрбандары туралы айтады. Олардың өз Отандарын сағынуын, қандай қайғы шегіп, неден айрылғандарын айтады».

Оқиға желісі бойынша бас кейіпкер  үйіне аман бармайтындығын түсінгендіктен баласын қазақстандық дипломаттармен Отанына жібереді. Ал жастар ату жасасына кесіледі. Қойылым авторы, драматург Кеңес Жұмабековтың айтуынша  негізгі тақырып әлемде орын алып жатқан түрлі жағдайлар және сол ұрыста болған азаматтардың берген фактілеріне негізделген. Тарбағатай аудандық Халық театрының кеңесшісі Кеңес Жұмабеков арнайы келіп, қойылым актерларымен  дайындық жүргізген.

ШӘКЕН КӨПШІКБАЕВА, ТАРБАҒАТАЙ АУДАНДЫҚ ХАЛЫҚ ТЕАТРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

«Маусым айының 5-8 аралығында біз Кеңес Жұмабековтың бұл қойылымын облыстағы түзеу мекемелерінде көрсетеміз. Мақсат өмірде шалыс басқан азаматтарға дұрыс жолды таңдап, адаспауларына жол сілтеу». 

Қойылым өз деңгейінде өтті. Түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілер көңілінен шықты.

НИЯЗБЕК БАХЫТЖАН, ОВ 156/20 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Біздің мекемеде аса ауыр қылмыс жасап, жасазын өтеп жатқан  600 аса адам бар. Облыстық дін істері басқармасы және діндегі мәселелерді зерттеу орталығымен  бірлесіп жазасын өтеушілер арасында діни экстримизмді алдын алуға бағытталған осындай қойылым  қойылды».

«Адасқандар» қойылымы мемлекеттік «Діни экстремиз мен терроризмге қарсы күрес» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қойылды.

Ақпарат көзі: Altai

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *