Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Діни алауыздықтан абай болайық

Қармақшы, 19 маусым. Өткен жұмада аудандық аграрлы-техникалық колледжінде терроризм және діни экстремизмнің алдын алуға байланысты жиын өтті.

Онда «Қармақшы ата» мешітінің және ауданның бас имамы Асхат Жарқынбеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Жалғасбек Ысқақов отбасы құндылығына, діни алауыздыққа байланысты уағыз айтып, студенттердің сауалына жауап берді.

Шараға аудандық ішкі істер бөлімінің жедел уәкілі, полиция капитаны Оспан Есжанов, осы бөлімнің экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының жедел уәкілі Жасқанат Ақбергенов қатысты. Сонымен бірге, жиын барысында  колледж ұжымы мен студенттерге экстремизмнің зияны жайында бейнеролик көрсетілді.

Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
Ақпарат көзі: «Қармақшы таңы»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *