Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дін және терроризм: тең емес ұғымдар

Актау. 21 маусым. Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының Ақпараттық-талдау орталығы мамандары АТТ мүшелері Е.Айнақұлов, А.Қонарбаев, А.Басбеков ағымдағы жылдың 19 маусымында Маңғыстау аудандық орталық кітапхана» ММ қызметкерлерімен «Дін және терроризм: тең емес ұғымдар» атты тақырыпта кездесу өткізді, деп хабарлайды Дін істері басқармасының баспасөз қызметі.

Шара барысында Орталық маманы А.Басбеков ҚР-ның дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын баяндады.

Ал аудандық орталық мешіттің наиб имамы  Е.Айнақұлов

— Дін мен терроризмнің бір-біріне  кереғар ұғымдар деп түсіндіріп, бірнеше мысалдар арқылы ара жігін жиналғандарға ашып берді. Мысалы: Шариғат бойынша бір адамды жазықсыз өлтіру бүткіл адамзатты өлтірумен бірдей екенін айтып, террорларда мұндай сенім жоғын айтты.

Сондай-ақ, аудандық жастар саясаты орталығының директоры А.Қонарбаев

— Қоғамға, әсіресе жастарға, мақсатты түрде ықпал ету әлеуметтік желілер, экстремистік және террористік идеяларды белсенді насихаттайтын бейнероликтерді, әдебиеттерді заңсыз түрде тираждау мен насихаттау жүргізіледі. Сондықтан дін саласында аса байыптылық пен асқан жауапкершіліктің қажет екендігін тілге тиек етті.

Шара соңында қызметкерлер тарапынан сауалдар жолданып, тиісінше жауаптар берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *