Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Құран бағыштау – діннен адасу ма?

Шымкент, 21 маусым. Бүгінгі таңда марқұмдардың атынан ас беру бидғат, сәлем салу ширк, фитнә деп дәстүрімізді жоққа шығаратын алып қашпа сөздерді құлағымыз шалып жатады. Әсте, мұндай бөлінушілік пен дәстүрді жоққа шығарушылық қазаққа қайдан келді?
Бидғат, ширк қала берсе фитнә деген сөздерді көбінесе өздерін сәләфи деп атап жүрген бауырларымыздан жиі естиміз. Осы сәләфилік жолды жақтаушылар өз идеологияларын дәріптеу арқылы ғасырлар бойы дінмен біте қайнасқан қазақы дүниетанымның тамырына балта шабуда. Бұл идеология жақтаушыларының басым көпшілігін жастар құрайды. Олардың діни білімі, тіпті қазақы салт-дәстүр жайлы түсінігі таяз екендігіне көзіміз жетіп жүр.
Мысалы, дәстүріміздегі марқұмдарға Құран бағыштау дұрыс емес деген теріс түсінікке тоқталайық.
Кітаптары мен ой-пікір, пәтуалары арасында көбінесе басшылыққа алынып жүрген Ибн Тәймияның өзі де Құран бағыштау шариғатқа қарсы келмейтін амалдардан екенін «Жасалған жақсылық пен оқылған Құранның сауабы өліге тиеді»[1] — деген сөзімен жеткізеді.
Шындығына келгенде Құран оқу сауабы мол абзал болған ғибадаттардың қатарына жатады. Құран оқу адамға дүниеден өткеннен кейін болсын, осы өмірде болсын, жаназадан алдын немесе кейін қабірдің басында болсын пайдалы және шариғат қағидаттарына қарсы келмейді. Бұл жайлы Алланың Елшісі (с.а.с.)  хабар беріп, аруақтарды еске алып Құран бағыштауға үндеген. Хадисте: «Өлілеріңе  Ясин сүресін оқыңдар»[2], — деп келеді. Қазақ осындай дәйекті дәлелдерге сүйене отырып, Пайғамбар өсиетін дәстүрге сіңіре білген. Құран оқудың өзі бір құлшылық, ораза секілді жеке дара ғибадат. Ал қазақ бабаларымыз дәстүр арқылы діни амалдарды сақтап, сол ғибадаттан келетін сауапты өзімізге емес, марқұмдардың амал дәптеріне жазылуын Алладан тілеп, өзімізге тиесіліні басқаға беру арқылы сауап жинауға үйретуде. Құран бағыштау дәстүрі тірі күнімізде барынша жақсылық жасап, Жаратушымыздан жарылқау тілеуді еске салатын, өмірімізге қажетті тәрбиелік маңызы бар үлкен амал.
Бұл дәстүріміздің екінші пайдалы тұсы ешкімді бөліп жармай, Алладан мұсылман бауырына жәрдем тілеп, адамды бауырмашылдыққа, мұсылманның бір-біріне мейірімді болумен қатар бірлікте өмір сүруге тәрбиелейді. Сондай-ақ, жағдайы төмендерге садақа таратып, арнайы уақыт ажыратып ас беріп, Құран оқытып, діни сауатты тұлғаны төрге шығарып, уағыз айтқызуы сол адамның Ислам дінінің бұйрықтарын орындағысы келетінін білдіреді. Осынау сауапты амалдарды орындап, бабалары ұстанған дінді дамытқысы келген адамға бұл іс-әрекетің бидғат дегеннен гөрі қаншама жылдар діннен ұзақ қалған халқымызға қайта түсіндіруде осы дәстүрімізді ұтымды пайдаланумыз қажет. Құран оқуға барғанда қазақ дәстүрінің қоғамға пайдасын және әрбір мұсылманға жүктелген міндетті түсіндіріп жүрсек, мұның қай жері дінге енгізген жаңалық болады?! Мұндай амалдан асқан сауап жоқ!

ОҚО дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің
маманы М.Мұстафаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *