Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тақырып — дінді бұрмалаудың жолын кесу

Ақтөбе, 22 маусым. «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының ауқымы кең. Ол өміріміздің барлық саласын қамтиды. Осы жобада діни тұрақтылық қоғам қауіпсіздігінің кепілі ретінде қарастырылған. Оның ұдайы назарда болатын мәселе екені айтылған. Ақтөбе қаласында осы аптада жалғасқан ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері   бұл міндетті естен шығарған жоқ, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық қоғамдық саяси газеті.

Кеше Ақтөбе қаласының №31 орта мектебңне Мұхтар Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің дінтану мұғалімі Майдан Байбатыров келіп, «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігі» тақырыбында лекция оқыды.

Лекцияны тыңдауға аталған мектептің директорының орынбасары Гүлмира Назарова, мектептің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Зәмзәгүл Тектіғұлова, ата-аналар қауымы қатысты. Дін саласы маманының әңгімесінде  жалпы дін туралы, діннің ағымы туралы, ханафи мазхабы жайлы кеңінен баяндалды. Дін жолындағы бұрмалаушылықтар, оның ішінде әлеуметтік желілерді пайдаланып, көпшілікті шатастырудың қауіптілігі айтылды.

Дін саласының білікті ұстазы лекциясын аяқтағаннан кейін, ата-аналар дін жолына байланысты  өздерін толғандырып жүрген  сауалдарын қойды. Дін жолын ұстанудағы адалдық, тазалық жайында ұстаз нақты деректерге келтіре отырып, тағы да жақсы түсінік берді.

Әрине, ата-аналардың біраз сауалдары оқушылардың мектеп формасына байланысты болды. Өйткені оларды экстремистік топтардың мектептің талабын бұрмалап, оқушылардың  бірыңғай киім формасын бұзуға бағытталған негізсіз тілегі, әрекеттері алаңдатады. Ата-аналардың бұл реттегі сауалдарына  дінтанушы бұл бағытта мемлекет тарапынан арнайы заң қарастырылып жатқанын жеткізді. Дінді бұрмалап пайдалану арқылы елімізде экстремизм мен терроризмді насихаттауға  жол берілмейтінін айтты.

 А.ОРЫНОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *