Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бішкекте ЕАЭО елдерінің терроризмге қарсы форумы өтті

Бішкек. 25 маусым. Бішкекте Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің терроризмге қарсы форумы өтті, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Лаңкестікпен қалай күресу керек, неліктен Орталық Азия аймағында бұл аса өзекті мәселеге айналып отыр және оны бірігіп шешу қаншалықты маңызды? Басқосуға қатысқан сарапшылар осы сауалдарға жауап іздеді. Ғалымдармен қоса парламент депутаттары, әскерилер мен қауіпсіздік қызметкерлері өз ұсынысын ортаға салды.

Соңғы кезде терроризм мәселесі ушығып келеді. Қанша күш жұмсағанмен, Ауғанстандағы жағдай тұрақталар емес. Сирияда Ирак пен Левант террорлық ұйымы жеңіліске ұшырағанмен, толығымен талқандалған жоқ. Орталық Азия үшін қатер негізінен осы аймақтардан төніп тұр. Форумда көтерілген тақырыптар осы мәселелерді қамтиды. Бастысы радикалды экстремизм мен халықаралық терроризмге қалай қарсы тұру керек?

Асылбек Избаиров, Еуразиялық университеттің профессоры:

— Терроризм шекараны мойындамайды, бір елден өзге елге ауыса береді. Біз лаңкестерді азаматтықтан айырғымыз келеді, бірақ олар бөтен адамдардың құжаттарымен кіре алады. Сол себепті терроризм мен экстремизмге қарсы күресті үйлестіру өзекті болып отыр.

Сарапшылар радикалды көзқарасты таратудың жаңа бағытын атап өтті. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде еңбек етіп жүрген мигрантар арасында арам пиғылды үгіт таратушылар көбейді. Негізінен мұндай ортаның әлеуметтік деңгейі мен сауаты төмен болғандықтан, оларды алдап-арбау қиынға соқпайды.

Кадыр Маликов, дінтанушы:

— Осы қатерге қарсы бірлесіп қимылдауымыз керек, сондай-ақ ағарту саласының деңгейін  көтеруіміз қажет. Яғни білім беруге көңіл бөліп, адамдардың ислам діні жөнінде сауатын ашу міндет.

Сарапшылар Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тұрақты даму мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ортақ идеология қалыптастыру маңызды деп санайды. Ұлттық мәдениет пен дәстүрге, халық құндылықтарына негізделген түйсік экстремистік көзқарастың таралуына тосқауыл бола алады. Сондай-ақ Одақтың терроризмге қарсы стратегиясын жасаудың да уақыты жетті дейді. Өйткені тек қауіпсіз жағдайда ғана тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізе аламыз.

Авторы: Бакыт Чермашев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *