Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бүлдіргіш діни ағымдардың ұстанушылары жұмысқа орналастырылады

Ақтөбе. 29 маусым. Облыста бүлдіргіш діни ағымдардың ұстанушыларын жұмысқа орналастыру мен кәсіпкерлікке тартудың ықпалды шаралары белсенді түрде жүргізілуі тиіс. Облыстық лаңкестікке қарсы комиссияның мәжілісінде осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық қоғамдық-саяси газеті.

Облыс әкімі, комиссия төрағасы Бердібек Сапарбаев еңбекке орналастыру әлеуметтендірудің дұрыс әдісі екенін атап көрсетті. Бұл ретте қандай да бір мамандығы жоқ адамдарды тегін кәсіптік біліммен қамту тапсырылды.

Дін істері жөніндегі басқарманың деректері бойынша, облыс бойынша бүлдіргіш діни ағымдарды ұстанушылардың арасында 300-дей жұмыссыз бар деп есептелуде.

Бұдан басқа, жиында жазасын өтеп жатқандар арасында діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу мәселесі талқыланды, Ақтөбе қаласындағы, Алға және Байғанин аудандарындағы лаңкестікке қарсы комиссиялардың жұмыстары қаралды.

Жиын қорытындысында облыс басшысы діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы іс-әрекеттер бойынша жұмысты жетілдіру және тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *