Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жат ағымдардың алдын алудағы психологияның рөлі

Ақтау. 29 маусым. Деструктивті діни ағымдардың және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында психолог мамандардың орны ерекше. Сондықтан жыл сайын Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған шараларын жетілдіру мақсатында оқыту семинары өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы дін істері басқармасының баспасөз қызметі. 

Бұл жұмыс биыл да өз жалғасын тауып, Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасының әлеуметтік тапсырысы негізінде «Caspian bridge» ақпараттық–сараптамалық талдау орталығының  ұйымдастыруымен «Деструктивті діни ағымдарға бейім және және зардап шеккен тұлғаларға оңалту, кеңес беру жұмыстарын жүргізетін мамандарға арналған семинар-тренинг» тақырыбында оқыту-семинарының екінші кезеңі өз мәресіне жетті.

Екінші кезеңге аймақтағы орталықтың мамандары, медицина және мұнайгаз компанияларының қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында дін саласының мамандары, медицина саласының мамандары өздерінің тәжірибесінде кездескен мәселелермен бөлісіп, соларды семинарда өткен әдістерді қалай тиімді  пайдалануға болатынын психолог мамандардан толыққанды кеңес алды.

Семинар-тренингті Павлодар қаласынан келген мамандар — философия және психология ғылымдарының докторы Фесенко Наталья мен психология ғылымының кандидаты Алина Құралай жүргізді.

Мұндай семинар бірінші рет емес осымен төртінші жыл өткізіліп отыр. Болашақта мұндай семинарлар жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрмақ.

Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *