Петропавл. 29 маусым. Отырыста Астрахан, Ақкөл, Жарқайың және Целиноград аудандарының әкімдері діни экстремизм мен терроризмге қарсы атқарылып жатқан жұмыстар жайында есеп берді. Аудандарда жұмыссыздықты жою, ақпараттық-үгіт насихат топтарының қызметін ұйымдастыру бағытында бірқатар ауқымды істер атқарылыпты, деп хабарлайды Kokshe телеарна тілшісі.
СНХ: МƏЛҒАЖДАР ТӘТКЕЕВ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Ішкі саясат жұмысымен елді мекендерге 40 шығу сапары жүзеге асырылуда. 3000-нан астам адамды қамтитын түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді.. Осы жылы ішкі саясат бөліміне мемлекеттік қызметші, терроризмге қарсы комиссиясының бас маманы – хатшы қызметі бөлінген. Ауданда құрамында 32 адамы бар ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс істейді. Оның жұмысы халықтың діни сауаттылығын қалыптастыруға, аймақ бойынша діни ахуалмен, мемлекеттік саясатың қағидаларымен таныстыруға, діни қатынастардағы мәселелерді реттеуге бағытталған.
Құқық қорғау органдарының атқарып жатқан жұмыстары да айтылды. Сондай-ақ, бірнеше аудандық әкімдік жанындағы терроризмге қарсы күрес комиссияларының қызметіне сараптама жасалды.
СНХ: АЙНА МҮСІРӘЛІМОВА АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ (Аударма) Ағымдағы жылы Атбасар, Жарқайың аудандарына қаражат бөлінген жоқ. Бұл айтарлықтай профилактикалық жұмысты қиындатып отыр. Бұған қоса Жарқайың ауданының елді мекендерге шығу үшін жеке автокөлігі жоқ. Ақкөл, Астрахан, Атбасар аудандарында комиссия отырыстарынан анықтамалық материалдар сапалы дайындалмайды.
Барлық баяндамаларды тыңдаған облыс әкімі Мәлік Мырзалин бірқатар нақты тапсырмалар берді.
СНХ: МӘЛІК МЫРЗАЛИН АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ (Аударма) Ақпараттық-насихаттау топтарында түрлі сала мамандары топтастырылған. Олар көп ретте істің мән-жайынан хабардар болмауы мүмкін. Сондықтан, оларды нақты бір тақырып арнасына бағыттау керек. Ол дәстүрлі немесе ұлттық, жалпы мәселелер аясында болуы мүмкін. Себебі, олар тек сол кезеңде ғана жұмыс істей алады. Бұл теріс ағымға адамдардың кетіп қалмауына көп көмегін тигізеді.
Ал теріс ағымның жетегінде кетіп қалғандармен білімі мен біліктілігі еткілікті мамандар жұмыс істеуі керек. Алдағы уақытта өңірге сырттан осындай адамдар тартылуы мүмкін. Сондай-ақ, алдын-алуға бағытталған іс-шаралардың сапасын арттыру да тапсырылды.
Ермек Елберген