АСТАНА, 20 шілде. Ресейдің Томск қаласында терроризмді насихаттаған қазақстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды Islam-today.
Аймақтың федералды қауіпсіздік қызметі мәліметінше, ұсталған экстремистің жасы 22-де. Ол әлеуметтік желілер арқылы терактілер, ондағы содырларды ақтау мәнінде материалдарды белсенді жариялап келген. Қазір тергеушілер жас жігіттің экстремистік және террористік құрылымдармен барлық байланысына қатысты істер зерттеу үстінде.
Айыпталушының үстінен «Террористік іс-әрекеттерді жүзеге асыруға жария түрде шақыру, терроризмді жария түрде ақтау және терроризмді насихаттау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотта бұл айыптаулар дәлелденсе оған жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалуы мүмкін.