Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Теңдіктің сақталу қағидаты сенімді күшейтеді

АСТАНА, 9 тамыз. Бүгінде экстремизмге қар­сы күрес трансұлттық сипат алып отыр. Халықаралық тер­рористік ұйымдардың пайда болуына байланысты, әсіресе 2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ оқиғасынан кейін, атал­мыш қауіппен бірлесе отырып күресу мәселесі айқындалды.

Қазақстан географиялық орна­ласуы жағынан Батыс пен Шығыстың, Азия мен Еуро­па­ның тоғысқан тұсы болып та­былатындықтан, халықаралық антитеррористік шараларға белсенді қатысып, осы бағыт­тағы 12 Конвенцияның жетеуі­не қосылды.

Қазақстан Республикасының Прези­денті Н.Ә.Назарбаев «Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында»: «Халықаралық лаңкес­тікпен күрес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі алғышартты бағыты болып табылады, сондай-ақ, лаңкестікпен ешқандай мемле­кет жалғыз, жеке күресе алмайды, өйткені, қазіргі кездегі лаңкестіктің шегі жоқ, демек, әлемнің барлық мемлекеттері күш-қуат­тарын біріктіру қажет, өйткені лаңкестіктің қауіп-қатері саяси-экономикалық дамуы­на тәуелсіз әлемнің әр елінде бар», – деп атап айтқан болатын.

Бүгінгі таңда әлемдік қауымдастыққа конфессияаралық, ұлтаралық қайшылық­тарға әкелетін діни экстремизм құбылысы қауіп төндіруде.

Терроризм және трансұлттық сипат алып отырған діни-саяси экстремизммен күрес жаһандық деңгейдегі халықаралық мәселеге айналып, түрлі мемлекеттердің аталмыш құбылыстарға қарсы қимылда­рын үйлестіруді талап етеді. Мұндай қызметке ұлттық және діни алауыздық­тардың алдын алу қызметтерінің заңдық нормативтік-құқықтық базаларын жетіл­діру, экстремизм түрлерінің алдын алуға арналған тиімді құқықтық механизм­дерді дайындау, антитеррорлық, жедел іздестіру, саяси, экономикалық және өзге де шара­ларды жоспарлау мен жүзеге асыру жата­ды. Терроризммен халықаралық күрес сала­сындағы мемлекет арасындағы ынты­мақ­тастық құқықтық (конвенциялық) және ұйымдастырушылық (институцио­нал­дық) механизмді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңдағы діни-саяси экстре­мизмнің ерекше белгісі мемлекеттік құры­лымды өзгерту, билікті жаулап алу, мемле­кет аумағының тұтастығын жою секілді мақсаттарына қол жеткізуде күш көрсету әдістерін қолдану болып табылады. Діни экстремизм «таза» түрінде сирек кездеседі және діни-құқықтық нормалар мен догмаларды қолданатын терроризммен қатар жүреді.

Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесі ретінде терроризм, сепаратизм, жалпы экстремизм түрлерімен, оның ішінде діни экстре­мизммен Халықаралық заңдарға сәйкес, Халықаралық ұйымдар шеңберінде күресіп келеді. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы мұндай ұйымдардың негізгі бағыт­тары мынадай:

– діни экстремизм мен терроризмге қарсы келісілген әрі нәтижелі қызмет атқа­ру үшін халықаралық құқықтық базаны дайындау;

—     халықаралық антитеррористік орта­лықтарды құру және экстремизмге қарсы күресте қарулы күштерді қолдану;

—     қарулы қақтығыстардың ошағы болып табылатын мемлекеттердегі әлеу­меттік-экономикалық жағдайларды оңал­ту, т.б.

Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес принципі терроризмге қарсы күрес­тегі мемлекеттердің өзара ықпалдасты­ғы­ның маңыздылығы: ол әмбебап сипаттағы халықаралық конвенцияларды; аймақтық халықаралық келісімдерді; екі жақты халық­аралық қылмыспен күрес саласын­дағы шарттарды; Біріккен Ұлттар Ұйымы қарарларын, басқа да халықаралық ұйым­дардың шешімдерін және мемлекет­тердің ұлттық заңдарын қабылдау, оларды орын­дау арқылы жүзеге асырылады.

Халықаралық терроризммен күрес саласында Қазақстан Республикасы ТМД, ШЫҰ елдерімен, басқа ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатып келеді. Қазақстан Президентінің бастауымен Достастықтың лаңкестікке қарсы орталығы құрылды, қазіргі уақытта ол белсенді жұмыс істеуде. Сондай-ақ, лаңкестік актілерімен күрестегі «Шанхай ынтымақтастық ұйымының» қатысушы-мемлекеттерінің арасындағы келісімдердің шеңберінде де жүргізілуде. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттерімен лаңкестікпен, саяси және діни экстремизммен, трансұлт­тық ұйымдасқан қылмыспен және тарап­тардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне төнетін басқа да қатерлермен күрес бойын­ша бірлескен іс-қимылдары туралы келі­сім-шартқа қол қойылды. Қазақстанмен лаңкестікке және халықаралық қылмыс­тарға қарсы әрекет ету саласындағы ынты­мақтастық туралы бірқатар мемлекеттер­мен, солардың ішінде Венгрия, Грузия, Қытай, Қырғызстан, Литва, Молдова, Ресей, Германия, Пәкістан, Түркия, Өзбек­стан және Украинамен қостарапты келісімдер жасалды.

Лаңкестікпен күрес мәселесін шешу барлық деңгейдегі мемлекетаралық өзара әрекеттестікті талап ететінін есепке ала отырып, республикамызбен осы салада бірқатар халықаралық және мемлекет­аралық шарттар мен келісімдерге қол қойылды. Лаңкестікпен күрес саласында республикамыз ТМД елдерімен, сондай-ақ ШЫҰ шеңберінде Қытаймен тығыз қа­рым-қатынас жасауда. Лаңкестікпен күрес ісіне қолда бар келісімдердің негізінде түркі тілді мемлекеттермен жасалып жатқан ынтымақтастықтар өзінің ауқымды үлесін қосуда.

Қазақстан Республикасының «Экстре­мизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес діни саладағы экстремизмге тойта­рыс беріп, ымырасыз күресу әрбір Қазақ­стан азаматының міндеті. Атап айтсақ, Заңға сәйкес, діни экстремизммен қарсы күресу мемлекеттік органдардың қызметіне жатады. Яғни адам құқықтары мен азаматтардың бостандықтарын, Ата Заң негіздерін қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асыру көпконфессиялы еліміздің тұтастығы мен ұлттық қауіпсіздігін экс­тремизм қатерінен қорғап, экстремизмнің алдын алу, анықтау, жолын кесу және оның салдарын жою, сондай-ақ, экстремизмнің жүзеге асуына жол ашатын себептер мен алғышарттарды анықтап, жойып отыру мемлекеттік органдардың басты міндеті. Бір сөзбен айтқанда, заңнамалық деңгейде экстремизмнің тамырын терең жаюға мүмкіндік бермейтін алғашқы кезеңінен бастап оны залалсыздандырып отыруға басымдық беріледі.

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылдың қазанында қабылданған Заңы Қазақстанның дін саласындағы саяса­тының діни сенім еркіндігі қағидатынан бас тарту емес, мемлекет, діни бірлестіктер мен қоғам арасындағы сапалы қатынасты құруға, сақтауға, дамытуға бағытталған жаңа кезеңнің басталғандығын білдіреді. Заңдағы маңызды нәрсе барлық діндердің теңдігі, азаматтардың дін таңдау мен ұстану еркіндіктерінің сақталуы, мемле­кеттің діннен бөлектенуі және азаматтар­дың діни сеніміне қарамастан барлық теңдіктерінің сақталу қағидаты болып табылады.

Жоғарыда аталған діни экстремизм мен терроризм қауіптері айқындалатын және оған қарсы қызметтерді белгілейтін Заңдар Қазақстан қабылдаған Конвен­циялар мен шаралардың қағидаттары мен ережелеріне, сондай-ақ, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Конституциясына негізделеді.

Шолпан Жандосова, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Бас ғалым хатшысы, саясаттану саласы бойынша PhD докторы, доцент.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *