АСТАНА, 14 тамыз. Мысырдың әуелетті құрылымдары Каир жанындағы жарылыс жасаған ланкеспен байланысы бар жасырын экстремисттік ұйымды ұстады. Бұл туралы Al Youm Al Sabea жаңалық порталына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
Бұл іс бойынша барлығы алты адам,сонын ішінде екі әйел адам қамауға алынған.Олар тығылған жасырын пәтерде бірнеше дана атыс қаруы,ату жарақтары,жарылғыш затты жинау нұсқаулығы мен оның құрамдас бөліктері және көлемді сомма табылды. Терактты орындаушының аты белгілі болды – 1989 жылы туған Каир тұрғыны Омар Мухаммед Мустафа. Ұсталғандармен тікелей қатынаста болғаны, олардан нұсқау алып отырғаны белгілі.Мысырдың ІІМ ұсталған ұйым шет елдегі экстремисттермен байланыста болғанын, елде тағы бірнеше теракт дайындағанын хабарлады.
Сенбі күні Мысыр астанасының шетіндегі Мустарад ауданында жанкешті ланкес денесіне байланған жарылғыш затты іске қосты.ІІМ хабарлауы бойынша ланкес Дева Мария христиан ғибадатханасының келушілеріне шабуыл жасамақшы болған,бірақ жарылысты 250 метр жерде уақытынан ерте жасады.Жарылыс нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ, зиянкес орнында қаза тапты.
2017 жылдың сәуірінде Қызылтал жексенбісі мейрамында Танта мен Александрия қалаларында христиан ғибадатханаларында ланкесттік әрекеттер жасалды. Ол кезде 45 адам қаза тауып, 120 жараланды. Одан кейін елде төтенше жағдай енгізіліп, казіргі кезге дейін алынбаған.Бүкіл шіркеулер мен діни орындар күшейтілген күзетке алынған.
Бұл күндері христиандар 15 тамыз күні болатын Успению Пресвятой Богородицы күніне дайындалуда.Осыған орай мысыр шіркеулерінде қосымша қауіпсіздік шаралары енгізілген.