Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбеде жалған терроризм үшін нашақор-егіздер тұтқынға алынды

АҚТӨБЕ, 17 тамыз. Ақтөбеде жалған терроризм үшін нашақор-егіздер тұтқынға алынды, деп ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

«2018 жылдың 29 шілдесінде Ақтөбе қаласының ІІБ-ның «102» нөмеріне дайындалып жатқан терроризм актісі туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына келген полиия қызметкерлері өтініш беруші мен оның егіз сыңарынан жауап алғысы келген. Бірақ айтылмыш адамдар есірткіге мас болып ештене түсіндіре алмады, сонымен бірге қоғамдық тәртіпті бұзып,балағат сөзбен ұрысып, тәртіп сақшыларына бағынбаушылық танытты. Осыған орай оларға қатысты ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылып Ақтөбе сотымен әкімшілік қамауға алынды», — деп пресс-релизде хабарланады.

ІІМ деректері бойынша, медициналық сараптама нәтижесі өсімдік тектес есірткі абылдағанын көрсетті.

«Сонымен бірге, 30 шілде күні оларды әкімшілік қамауға алынған тұлғаларды арнайы қабылдайтын орынға әкелгенде, ағайындардың бірі Ақтөбе қаласының ІІБ екі қызметкеріне дене жарақатын келтіріп, қашпақшы болды.Оған қатысты ҚР ҚК-ның 380 бабының 1 тармағы бойынша (Өкімет өкіліне қатысты күш қолдану) тергеу жүргізіліп жатыр», — деп хабарланды.

Тексеру процесінде ағайындылардың сәләфит ағымының диструктивті діни ілімінің ұстаушылық белгілері анықталды, -деп айта кетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *