АСТАНА, 18 тамыз. Иракта алты лаңкеске кесілген ең жоғары жаза жүзеге асырылды,-деп Inforos хабарлайды.
«Ирак азаматтарың өлтіргені» үшін, кінәсі толығымен дәлелденіп,ал үкім қайта қарауға жатпағаннан кейін өлтірілді,- деп Ирактың әділет министирлігі хабарлайды.
Республика президенті Фуад Маасум шілде айында терроризм үшін жоғары жазаға кесілгендер тізімін бекітіп,іске асыру үшін Әділет министірлігіне тапсырды.
Ирак премьер-министрі Хейдар әл-Абади маусым айының аяғында террористтерге үкім шығарғаннан сон өлім жазасын кейінге қалдырмауына бұйрық берді. Бұндай практиканың қаталдандыруына «Ислам мемлекеті» содырларымен қауіпсіздік күштерінің сегіз қызметкерлерің ұрлау мен өлтіруі себеп болды.