Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қарағандыда кәмелетке толмаған қыз есірткі таратқан

ҚАРАГАНДЫ, 24 тамыз. Қарағанды полициясы 17 жасар қызды қылмыс үстінде ұстап алды, деп облыстың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полицияның хабарлауынша инстраграм әлеумнттік желісіндегі «skandal_krg» парақшасында таралған «Қарағандыда кәмелетке толмаған қыз есірткі таратқан» деген ақпарат бойынша ҚР ҚК 297 бабының 1 бөлімі (Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Ағымдағы жылдың 20 тамызыңда жол-патруль полкінің полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының Киров секторын патрульдеу барысында тротуарларға жақын жерде белгісіз түйіншектерді қойып жатқан 17-жасар қызды байқады. Полиция қызметкерлері қылмыс орнына жедел-тергеу тобы мен қыздың ата-анасын шақырды.
«Жауап алу кезінде қыз курьер екенің, жерге кішкентай қалташаларды көмгенің,бірақ ішінде не бар екенің білмегенің айтты.Сонымен бірге күніне 17 қалташа көмгенің айтып, 15 қалташаны өз еркімен полиия қызметкерлеріне тапсырды», — деп хабарланады.
Көмілген17 қалташа да алынды. Қазіргі уақытта мән-жайды анықтау үшін тергеу жүргізілуде.
Айта кетсек, Қарағанды облысының ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасы есірткі заттарынын таратылуы бойынша Интернет ресурстарын үнемі бақылап, талдап отырады.Ағымдағы жылдын басынан облыс бойынша синтетикалық есірткі заттарды сақтау мен тарату фактісі бойынша 35 қылмыстық іс тіркелді.Күмәнді интернет-ресурстар мен граффити-сүреттер арқылы синтетикалық есірткі заттарды насихаттаудың 14 фактісі анықталды. Ақпарат және байланыс министрлігіне 10 интернет сайтты жабу туралы хат жолданды.
Полиция қызметкерлері азаматтарды есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау мен алдын алу сұрақтарында жауапты болуға және белсенді азаматтық ұстанымға шақырады. Полицияға интернет ресурс пен далада байқаған барлық күдікті істер мен тұлғалар туралы дереу хабарлаңыз. Өзіңізді және жақын адамдарыңызды өлім қаупінен қорғаңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *