АСТАНА, 25 августа. Халықаралық террористік ұйымдардын жалдау әдісі үнемі жетілдірілуде. Арнайы қызметтердің әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы іске тартуды бейтараптандыру бойынша жүйелі жұмысына қарамастан,эмиссарлардың жұмысы жалғаса береді, өйткені жаңа адепттер мен соқыр сеніммен теракттерді орындаушылардан халықаралық террористтік ұйымдар ешқашан бас тартпас,- деп Zakon.kz тілшісі Торғын Нұрсеитоваға берген сұхбатында мәдениеттанушысы, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі тәуелсіз сарапшы Әсемгул Қойшина айтты.
— Әсемгүл, ниеттестерді іздестіру мен оларды іске тарту қалай өтеді?
— Қазіргі кезде дәстүрлі емес ағымдар мен экстремистік ұйымдардың жойқын идеологиясын насихаттау әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы белсенді түрде жүргізілуде.Барлық халықаралық террористік ұйымдар әлеуметтік желілер мен танымал мессенджерлерде кеңінен таралғаны, олардың қазіргі қызметі туралы есеп беруі үшін, радикалды идеологияны таратуға және жаңа ізбасарларды өз қатарына шықыру үшін қолданғаны ешқандай құпия емес.
Көбінесе іске тарту діни негіздеріне қызығушылық танытатын адамдар, сондай-ақ діншіл контингент арасында жүргізіледі. Мақсаттары бірдей болғанымен, әдістер әртүрлі. Іске тартатындар — адамның психологиясының қыр-сырын білетін мамандар сияқты. Әдеттегідей, олар жай тақырыптарға әңгімелеседі. Мысалы, қалы қалай екенін білу үшін, қандай көмек қажет екенін, әсіресе материалды.
Бейтаныс кісіден келген мұндай күтім адамның көңілін аулап алады, ортақ мүдделері, ынталары,ең бастысы өмірге деген көзқарастары бірдей екендігі анықталады. Осындай көзқарас адамның сенімін нығайтып, жалған құндылықтардың негізін қалауға болатындай адам көнілін бері қаратады.
Кейін іске тартушылар, бұл әлемде әділетсіздік бар екенін айтып көндіреді, бірақ өмірде барлық адамдар әділетсіздікке тап болады және проблемаларды өзара шешеді. Бірақ бұл ақпаратты іске тартушы басқаша түрде ұсынады, адамдар әділетсіздікке қарсы күресу керек екендігін және бұл бауырластыққа пайда әкелетін әр адамның борышы деп сендіреді.Егер адам өзіне сенімді болмаса, жаңы нәзік болса, ол өз істерімен көптеген қорғалмаған адамдарды құтқара алатынын айтып оған тереңірек мотивация жасай бастайды. Мұндай қарым-қатынас процесі іс жүзінде бірдеңе жасауға дайын болғанға дейін ұзақ уақыт болуы мүмкін.
— Діншіл жастарды радикалдандыру қалай өтеді, бұл процесті неғұрлым толық сипаттай аласыз ба?
— Көптеген жастар ғаламторда деструктивті діни ағымдардың идеологиясына кезең-кезеңмен ұшырайды. Дінге қызығушылық танытқандар, білім алу үшін кітапханаға бармай, интернеттегі ақпаратты оқып үйренеді. Қажет болған жағдайда олар кітапханада отырғаннан гөрі, туындаған сұрақтарын әлеуметтік желілердегі әртүрлі топтар мен қоғамдастықтарға қойып, жылдам жауап алады. Дегенмен, интернетте шын және дұрыс жауапты қалай алуға болады, өйткені монитордың артында отырған адам кез-келген ақпаратты өзінің өмірлік тәжірибесі мен көзқарасына байланысты түсіндіре алады.
Кейінірек олар насихаттық бейнематериалдарға сілтеме жасап, түрлі идеологтардың уағыздарын тыңдайды. Мәселен, мұсылман жастар ортасында әйгілі уағыздаушылар Медина студенттері болды,олардың уағыздары көбінесе өнегелі және тыңдаушыны қызықтырады, бірақ кейбір дәрістерінде экстремистікке шақыру бар. Дәл осы дәрістер жас және өршіл адамдардың көзқарасын радикалдандыруға көмектесетін.
Осылайша, күмәнді діни сипаттағы материалдарға қолжетімділікті арттыру арқылы және рекрутерлердің шебер әрекеттерінен адам бірте-бірте радикалды жолға түсіп, өзінің тәлімгері немесе «шейх» тілегің алғашқы талап ету бойынша орындауға дайын болады.
Мұндай жетілуге халықаралық лаңкестік ұйымдардан желідегі жоғары насихаттауды ұйымдастыруға қабілетті үгіт-насихат машинасы Игиль (Қазақстанда сот шешімі бойынша тыйым салынған) қол жеткізілді.
ИГИЛ (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористтік ұйымы ғаломторда насихаттауды жақсы ұйымдастырған. Олар жоғары сапалы бейнематериалдар,инфографика,журналдар,нашидтер, газет пен жаналық агенттіктерін қолданып, сонымен қатар әлеуметтік желі және мессенджер арқылы хаттар жазып әрекетке шақырады.
Сирия мен Ирактағы әскери күштердің талқандауын ескерсек, ИГИЛ-дің интернеттегі осындай ақпараттық-насихаттау жұмыстары арта түседі.
— Іске тартушылардың идеологиялық көзқарастары мен хабарлары қандай?
— Іске тартушылардың насихаттау техникасы насихат тақырыбы сияқты жетілдіріп отыратының түсінуіміз қажет. Идеологиялық көзқарастардағы мұндай өзгерістер ИГИЛ террористік ұйымының қызметі мысалында дәлелденген. . Мәселен, ИГИЛ бастапқы кезеңінде «қасиетті соғысқа», «күпірлікке қарсы кек алу идеясына», «халифатты құруға қатысу» идеясына белсенді түрде араласты, шын мәнінде ол жаңа емес және «Аль-Каиданың» халықаралық террористік ұйымының мақсаттарын қайталады.
Алайда ИГИЛ эмиссарлары одан әрі кетті. Олар ниеттестерге Сирия мен Иракта шариғат заңы бойынша отбасымен бірге бейбіт тұрып, содырлар қатарында мансабының өсу идеясын ұсынып насихаттау роликтерін көрсетті.Сарапшылардың ойынша бұнын бәрі әртүрлі елдегі интернет қолданушыларына үлкен психологиялық әсер тигізді.
Осы мақсатта эмиссарлар қатардағы содырлардың қолданысындағы молшылықтың, бос тұрған коттедждердің, таңдаулы көліктер мен отбасына бөлінетін ай сайынғы төлемдердің сүреті мен бейнесін белсенді таратты. Сарапшылардың пікірінше,ИГИЛ-дың соңғы хабарламалары шешіліп тәуекел ете алмағандар мен ниеттестердің отбасыларымен бірге Сирия мен Ирактың ИГИЛ бақылауындағы территориясына үлкен ағылуына әкелді. Бұл деректер құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің ақпаратымен расталады. Кейіннен ИГИЛ-дің сәтті идеологиялық нұсқамасы сарапшылар қауымдастығында «бес жұлдызды жиһад», «отбасымен бірге жиһад» деп аталды.
ИГИЛ-дың шақыруына жауап беріп, елден шыққан адамдардың саны ғана емес, сондай-ақ, іске тартқандардың ұрандарына жаппай соқыр сенімі, халықаралық террористік ұйымдардың іске тартушылардың жоғары кәсіби деңгейін тағы да дәлелдейді.
ТМД терроризмге қарсы орталығының мәліметі бойынша, қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтердің тиімді жұмысы іске тартушылардың әлеуметтік желілердегі қызметін төмендетуге мәжбүрледі.Бірақ бұл олардың қылмыстық істен бас тартқаның айтпайды. Енді олардың белсенділігі Instagram, Telegram, WhatsApp, Viber сияқты месенджерлерге көшті.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің антитеррорлық орталығының экс-басшысы Андрей Новиков түсіндіргендей, бұл үрдіс қылмыстық істерді тергеу барысында компьютерлік сараптама мазмұнын талдау кезінде байқалады.
— Қазіргі кезде кез-келген сайтты жауып тастауға болады, бұл эмиссарлардың қызметін әлсірете ме?
— Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі іске тартуды бейтараптандыру бойынша арнайы қызметтердің тұрақты жұмысына қарамастан, халықаралық террористтік ұйымдар ешқашан жаңа адептер мен лаңкестік актілерді орындаушылардан бас тартпайды. Сондықтан жастар интернеттегі материалдарды іздегенде өте сақ болулары керек және әрқашан тек тексерілген дереккөздерге сүйеніп, бейтаныс адамдармен, әсіресе жаңа білім беруге тырысатын адамдармен қалаусыз байланыстардан аулақ болу керек.
— Әсемгүл, мұны статистикамен растайық.
— Қазақстандық жастардың діни нанымдарына қатысты статистикаға келсек, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының мәліметі бойынша 2016 жылы, біздің елде сауалнамаға қатысқан жастардың 80% -ы өздерін діншіл деп атады. Олардың 76,1% -ы мұсылмандар. Дінге ең белсенділер 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер.
Қазақстандықтардың Сирия-Ирак қақтығысына қатысуы туралы статистика. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты бойынша, төрт жыл ішінде 440 рекрут-қазақстандықтардын террористтік территорияларынан кетуіне жол берілмеді (2014 жылы — 136, 2015 жылы — 151, 2016 — 91, 2017-62).
2014 – 2017 жылдар аралығында дайындау кезінде 30 теракттің алды алынды ( 2014 — 3, 2015 — 4, 2016 —12, 2017 – 11).
ҰҚК деректері бойынша, 2017 жылдың желтоқсан айында Сирия-Ирак аймағында 16 жасқа дейінгі 390 бала, 214 ұл және 176 қыз бала болды.
2017 жылы Қазақстанға шетелдегі соғыс қимылдарына қатысқан террористтер лагерінен 125 адам қайтып келді.