Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ТМД-ның арнайы қызметтері терроризмге қарсы әрекет ету мәселелері бойынша келісті

АСТАНА, 27 тамыз. Бішкекте  Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұйымдастырушылығымен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің терроризмге қарсы орталығымен «Ыстықкөл-Антитеррор-2018» құзыретті органдарының бірлескен лаңкестікке қарсы жаттығуларын дайындау және өткізу бойынша тәжірибелік тренинг өткізілді,деп ТМД ТҚО-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды.

Тренингке Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның қауіпсіздік органдары және арнайы қызметтерінің өкілдері қатысты; ТМД органдарының — Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесі(СКПВ), Қаржы барлау басқармалары басшыларының кеңесі(СРПФР), Ұйымдасқан қылмысқа және басқа да қауіпті қылмыстарға (БКБОП).

Іс-шараның негізгі мақсаты жедел бөлімшелердің қызметкерлерін үйлестірілген практикалық іс-қимылдарға оқытудың бірінші кезеңінде үйрету болып табылады.

Тәжірибелік сабақтар барысында оқу тапсырмаларының мазмұны мен тәртібі зерттеледі,халықаралық террористік ұйымдардың «жасырын ұяшықтарының» қызметін анықтау және жою бойынша іс-шараларды өткізу кезінде мемлекетаралық және ведомствоаралық өзара әрекеттесу алгоритмдері игеріп алынды.

Тренингке қатысушыларымен оқу жаттығу кезінде белсенді түрде қолданылуы жоспарланған ТМД-ның арнаулы қызметтері мен құқық қорғау органдарының арсеналындағы ақпараттық жүйелерінің ұжымдық пайдаланудың мүмкіндіктері талданды.

«Ыстықкөл-Антитеррор-2018» ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуының бірінші кезеңі ағымдағы жылдың қыркүйегінде жеті Достастық елдер Армения,Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан территориясында өтеді. Қорытынды кезең Қырғызстан аумағында өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *