АСТАНА, 28 тамыз. Ауғанстанда Нангархар провинциясында үкімет әуе күштері террористерге шабуыл жасады, деп хабарлайды РенТВ телеарнасы 1TV-ге сілтеме жасай отырып.
Басылымның хабарлауынша, шабуыл нәтижесінде Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған-ред.) тобының жетекшілерінің бірі жойылды
Сонымен қатар, тағы 10 содыр қаза тапты.
Телеарнаның хабарлауынша, соңғы екі жылда бұл Ауғанстанда бейтараптатандырылған террористік ұйымның төртінші көшбасшысы.