Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Балаларды кім және қалай лаңкестерге айналдырады?

АСТАНА, 28 тамыз. Лаңкестердің жас буынға бағдарлануы көбінде неге ұтылыссыз болады?Осы және басқа да сұрақтарға Беларусь сегодня порталының тілшісі Максим Осиповке берген сұхбатында “Актуальная концепция” ақпараттық-ағартушылық мекеменің директоры Александр Шпаковский жауап берді.

Бұл оқиға жақында Америка Құрама Штаттарын таң қалдырды. Нью-Мексико штатының полициясы,қол асты материалдардан салынған базада балаларды мектептегі террорлық шабуылдарға үйрететін төрт адамды тұтқындады. Полицияның айтуынша, төртеуі де мұсылман-экстремистер болған. Ал базада қару-жарақ арсеналы бар еді, оның ішінде винтовкалар. Дегенмен, өкінішке орай, бұл әңгіме — оқшауланған құбылыс емес.

Американдық тарихта осы іс бойынша 39 жастағы Сирадж Ваххадж болды, ол 1993 жылы Нью-Йорктегі террористік актінің ұйымдастырылуының бірі деп саналатын,радикалды американдық имамның ұлы. Ол кезде, Дүниежүзілік сауда орталығының жертөлесінде жарылғыш зат салынған жүк машинасы жарылды.

Бұның бәрі жаңалық емес. Интернетте «Ислам мемлекеті» террористік ұйым қатарында террорист-балалардың соғысып жатқан бейнежазбалары барған сайын артып келеді. Алғашқы роликтің бірі 2016 жылдың жазында пайда болды: 14 жасқа әлі толмаған бес жасөспірім үкімді оқып, содан кейін қару алып, тұтқындарды өлтірді.

ИГИЛ әскерінің халыққа көрсететін тағы бір бейнесі «Халифат Арыстандары» атты толыққанды документальды фильм болды. Бірнеше камераға түсірілген,жақсы дыбысты,өте жоғары сапалы видео жас ұрпақтың миын қаншалықты епті өңдейтінін көрсетеді.я Көрермендер толыққанды оқыту бағдарламасы бар өлтіру мектебін көреді. Мұнда жас сарбаздар теорияны, практиканы, дене шынықтыруды, түнгі сабақты өтеді және ең қуатты идеологиялық өңдеу алады. Содан кейін олардын қатыгездігі мен өлтіруге дайын екендігің тексеріп, қатаң талаптар қойылып емтихандар қабылдайды. Террористер үшін олар керемет қару болады, себебі балаға лаңкестік әрекет жасағысы келеді деген күдікпен ешкім қарамайды. Сау адам, кішкентай баланы кәсіби өлтірушіге айналдырады деп ойламайды ғой.

Өкінішке орай, бұл құбылыс өте жиі кездеседі дейді Шпаковский:

— Әрине, бақытымызға орай әрекеті бәсендеген «Ислам мемлекеті» кеңінен тараған,аты шулы болғандықтан,бүкіл әлемде тыйм салынған ұйым. Дегенмен, ИГИЛ де бұл істе ізашар емес, өз танымалдылығына біліп істелген PR арқасында жеткен, олардың роликтері сау адамдарды жаппай есеңгірететің етіп жасалған.

Сарапшылардың айтуынша, барлық белгілі лаңкестік ұйымдар, экстремистік топтар, радикалды саясатты құрған құрылымдар, діни секталар және басқалар кәмелетке толмағандарды іске тарту үшін перспективалық контингент ретінде қарастырады:

— Балалар көбіне сенімді, тұрақты көзқарастары жоқ, егде адамдардың мінез-құлқын ықыласпен көшіріп, алдына қойған істерін берілгендікпен, жанкештілікпен орындап, өздерінің «мұғалімдерінің» сенімін ақтауға тырысады. Кәмелетке толмағандар, ересек

адамдарға қарағанда арнайы қызметтердің қөз аясына сирек түседі және белгілі бір жасқа жеткенше қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Сонымен қатар, өмірлік тәжірибе мен қажетті білімнің жетіспеуі себепті жасөспірімдер ақпаратты объективті талдай алмайды, егжей-тегжейді есте сақтамайды, сондықтан, құқық қорғау органдары қолына түсірген жағдайда, оларды радикалдардың қызметі туралы құнды ақпарат көзі ретінде пайдаланыла алмайды.

Сонымен бірге, қылмыскерлер іске тарту барысында барлық осалдықтар кешенін кеңінен пайдаланады: дәстүрлі «ата-аналар мен балалардың жанжалынан» бастап, әлеуметтік желілер мен әртүрлі гаджеттер кәмелетке толмағандарды нақты адамдық қарым-қатынастармен алмастыратын, заманауи қоғамның «жасөспірімдердің интернет жалғыздығы» түріндегі ауруына дейін қолданады, дейді сарапшы:

— Статистикаға сәйкес, мегаполистерде ата-аналар балаларына тәулігіне 40 минуттан артық уақыт бермейді. Осыған қарағанда,балалардың күрделі сұрақтарына қарапайым жауап беретін, Құдайды, Отанды қалай «дұрыс» жақсы көруді үйрететін жалғыз «досы» мен ақпарат көзі желідігі белгісіз бола алады.

Біздің еліміздегі балаларды осындай манипуляциялау қаупі бар ма? Александр Шпаковскийдің айтуынша Беларусьте де балаларды заңсыз әрекетке немесе күмәнді саяси ойындарға тартуға жиі тырысады:

— Бір кезде бір радикалды ұлтшылдық ұйымның басшысы: «Бізге бастапқыда билік керек емес, балабақша керек!», деп мәлімдеді. Сонымен қатар, біздің елде кәмелетке толмаған балаларды қылмыстық немесе қоғамдық қызметке тарту үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Саяси радикалдар арасында көптеген эмоция тудырған,балаларды жойқын ақпараттан қорғауға бағытталған «БАҚ туралы» Заңнын жаңа редакциясы.Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесінің, саны артып баратын,кадеттердің класстары мен мектептерінің Беларустық балалардың қауіпсіздігіне қосқан үлесі сөзсіз. Беларусь республикалық жастар одағы да өз жұмысын сапалы түрде жүзеге асырады.

Дегенмен, босаңсуға болмайды, деп сарапшы ескертеді:

— Әлем өзгергіштік екенін ұмытпайық, интернеттің дамуы балалар мен жастарға арналған моральдық беделділердің пайда болуын алдын ала анықтайды.Олар танымал блогерлер, мыңдаған,жиі миллиондаған адамдарға жеке беттерінің және интернет-арналарының кеңістігіндегі өмірдің әртүрлі аспектілері туралы қызықты әңгімелейді. Осылай үкіметке қазірдің өзінде қалыптасқан блогтармен тығыз қарым-қатынаста болуға ғана емес, мектептерде, қоғамдық ұйымдарда және т.б. жерлерде конструктивтік «пікір көшбасшыларының» пайда болуына үлес қосуы керек.

Екінші маңызды мәселе –ол дәстүрлі құндылықтарды отбасы арқылы қолдау, балалар мен жасөспірімдерде осы құндылықтарды тәрбиелеу:

— Патриотизм, адамгершілік, үлкендерге деген құрмет – әке-шеше бала үшін ең басты моральды абыройлы адамдар болуы керек.Ата-ана назарын мектеп, қоғамдық ұйымдар, блогерлер, шіркеулер немесе спорттық секциялар алмастыра алмайды. Сондықтан ата-аналар өздерінің балаларына ең басты қорғаныс екенің танып, полиция, білім беру жүйесі және басқа да мемлекеттік органдар емес екенін есте сақтау керек. Біз толыққанды отбасында баланы тәрбиелеуге тырысуымыз керек назар аударып және қамқорлық жасауымыз керек, оған тек материалдық қажеттіліктерді қамтамасыз етіп қана қоймай .

Сонда ешқандай террористтер мен басқа «жексұрындар» балаларымызға қорқынышты болмайды. Оған қоса, біздің мемлекетімізде елеулі қорғау құралдары бар екенің ұмытпау керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *