АСТАНА, 29 тамыз. Telegram мессенджерінің өкілдері терроризмге қатысты деген күдікті пайдаланушылардың деректерін жариялауға дайын екенін айтты. Бұл туралы Telegram сайтында жарияланған хабарламада айтылған.
«Егер Telegram террорлық әрекеттерге күдік туғызғаныңызды растайтын сот бұйрығын алса, IP-адресіңізді және телефон нөміріңізді тиісті органдарға жария етеді», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, мессенджер өкілдері пайдаланушылардың деректерін әлі таратпағандарын түсіндірді.
Мұндай жағдайлар жарты жылдық ашық есепте көрсетілетін болады.
2018 жылы 13 сәуірде Мәскеудің Таган соты Роскомнадзордың Ресейдегі Telegram -ға кіруді бұғаттау туралы өтінішің қанағаттандырды.