АСТАНА,1 қыркүйек. Сирияның Идлиб қаласында шамамен 10 мыңға жуық содыр бар. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының Сириядағы арнайы өкілі Стаффан де Мистура мәлімдеді, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап НТВ телеарнасы хабарлайды.
Бұл мәлімдеме Женевада өткен брифинг барысында жасалды. Де Мистураның айтуынша, «Джебхат ан-Нусра» мен «Аль-Каида» (Ресей Федерациясында тыйым салынған) террорлық топтар екендігі ешкімге күмән келтірмейді.
«Біздің бағалауымыз бойынша, олар (Идлибте) 10 мың адамнан асады, оған қоса отбасы адамдары бар», — дейді Стаффан де Мистура.
Бұрын Сириядағы соғысушы жақтарды татуластыру орталығының басшысы Алексей Цыганков Хаму мен Алеппоға қарсы бірнеше мың қарулы шабуыл жасауға дайындалып жүрген бірнеше мың содыр туралы айтты.