АСТАНА,1 қыркүйек. Жас жігітті британ астанасының батысында ұстады. Істі полицияның терроризмге қарсы бөлімінің қызметкерлері жүргізеді, деп Life хабарлайды.
Лондондық полиция қызметкерлері 16 жасар адамды лаңкестік әрекетті жоспарлап жүр деген күдікпен ұстады. Бұл туралы Скотленд-Ярд баспасөз орталығы хабарлады.
Мекеменің мәліметі бойынша, 29-тамызда полиция қызметкерлері күдіктінің үйін тінтіп, қарасора өсімдігін және атыс қаруын бейнелейтін затты тапты.Осыдан кейін жасөспірімді құрықтады.
Өткен жылдан бастап Ұлыбританияда терроризмге қатысы бар деген күдікпен 400-ден астам адам ұсталды. Қазір Біріккен Корольдікте қауіп деңгейі елеулі деп есептеледі.