Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ-та Өзбекстаннан келген босқынды лаңкестерді қолдағаны үшін соттады

АСТАНА, 2 қыркүйек. АҚШ-та тұратын Өзбекстаннан келген 42 жастағы босқын Джамшид Мұхторов, 30 тамызда Колорадодағы сотта терроризмді қолдағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп хабарлайды The New York Times газеті.

2018 жылдың маусым айында Өзбекстанның тумасы Мухторовты Исламдық жиһад одағы (IJU) террористік ұйымына 300 АҚШ долларын аударуға әрекеттенгені үшін, сондай-ақ оларды жеке қолдауға ниет білдіргені үшін айыпты деп табылды.

Исламдық жиһад одағы (IJU) — Өзбекстандағы зайырлы билікке қарсылық көрсететін Пәкістан исламшылдық ұйымы.

Сот Джон Кейн үкім шығарған шешімде «Мұхтаровтың қылмысы ауыр және оның риторикасы қорқынышты», бірақ АҚШ-та зорлық-зомбылық жасау немесе жоспарлау қатерін қамтымайды.

Прокурорлар өзбек азаматына 30 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті, бірақ сот ол жасаған зорлық-зомбылықтар осындай ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру үшін жеткіліксіз деп шешті.

Мұхторов 2012 жылдан бері, алты жыл және жеті ай бойы түрмеде отырды. Оны, лаңкестерге қосылу үшін Стамбұлға ұшуға әрекет жасағанда,Чикаго әуежайында тұтқындады.

Сот құжаттарында айтылғандай, ол Исламдық жиһад одағына адалдығын білдіріп, 8 жасар қызына: «Сенің әкең шәһит болсын деп дұға ет …» деп айтқан.

18 шілдеде Мұхторовтың сыбайласы Бахтиер Джумаев 76 айға федералды түрмеге жабылды.

Мұхтаров пен оның отбасы босқындардың қоныс аудару бағдарламасы бойынша 2007 жылы Денверге келді. Отбасы Өзбекстаннан қашып кетті, онда Мұхторовты екі рет құқық қорғау әрекеті үшін соққыға жықты.

Көп ұзамай ол Америка Құрама Штаттарындағы өмірден түңіліп, лаңкестермен араласып, басқа адамдарды лаңкестерге қосылуына үгіттеп, 2012 жылы экстремистердің қатарына кіру үшін Түркияға баруға шешім қабылдады.Алайда, Мұхторовтың адвокаттары, оның ақша жіберіп, Исламдық жиһад одағына қосылу үшін ешқашан ешқандай әрекет жасағысы келмегенін мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *